«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Бас прокуратурасы: шенеуніктер кәсіпкерлерді алдап келген

2017 жылғы 13 Ақпан
- Қарағанды облысы
7810 просмотров

Бас прокуратура Қарағанды облысындағы мемлекеттік органдардың жұмысынан көптеген кемшіліктерді анықтады

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қарағандыда көшпелі коллегия отырысын өткізді. Жиында мемлекеттік орган қызметкерлері мен кәсіпкерлер арасында ашық әңгіме орын алды. Бас прокуратура өткен жылдың қазан-қараша айларында тексеру жүргізіп, кәсіпкерлер құқығының бұзылғандығын анықтаған. ҚР БП оныншы департаменті басқармасының бастығы Ержан Ералиевтің басшылығымен жұмыс тобы Қарағанды облысындағы мемлекеттік органдардың 2015-2016 жылдардағы қызметін тексерген. Тексеру қорытындысы жай ғана көңіл жұбатарлықтай емес, тіпті сорақылық орын алған деп атап өтті Ержан Ералиев. Заңсыз тексерулер, негізсіз бас тартулар, кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істер, көрсеткіштерді қосып тіркеу – өңірдегі бизнестің бар ахуалы осы.    

«Қарағанды облысындағы бизнес тексерулерден бас көтере алмай отыр. Облыста бизнесті тексеріп, оған әсер ете алатын 141 мемлекеттік орган барын есептедік. Бірақ кәсіпкерлер бәрінен де мемлекеттік кіріс департаментінен зардап шегеді. 2016 жылы тексерулер ширекке артқан, оның 62% нәтижесіз жасалған. Көлденең актілер жасалып, ҚСС бойынша 23 фирманы есептен заңсыз шығарған. Бизнесмендер бұл шешімдердің күшін сот арқылы ғана жойдырған», – деп мәлімдеді Ержан Ералиев.

Бұдан басқа, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, салық қызметкерлерінің көрсеткіштерді жақсартудың өз тәсімдері бар. Мемлекеттік кіріс депаратментінің экономикалық тексеру қызметі көрсеткіштерді қосып тіркеу арқылы өз жұмыстарының көрсеткіштерін жақсартып отырған.  

«Қалай болғанын баяндасақ, салық қызметі борышкерлерді тауып отырған, ал олар өз еріктерімен салық төлеген. Одан кейін экономикалық тексеру қызметі іске қосылып, сол мезетте қылмыстық іс қозғаған. Содан соң іс тоқтатылған, ал тиісті орган өз есептеріне миллиардтық өтемді жазған», – деп түсіндірді Марат Ахметжанов.

Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне жергілікті атқарушы органдары оңай тиіп отырған жоқ. 2015 жылғы су тасқынынан зардап шеккендер үшін үй салған бірнеше құрылыс фирмаларының оқиғасы әлі аяқталмаған.

«Егер шенеуніктер кәсіпкерлерді алдап келсе, биліктің абыройы мен оған деген сенім туралы қалай сөз қозғауға болады? Бизнеске қымыс көрсету әкімдер үшін үйреншікті іске айналған. Бюджетте ақша жоқ болса, сұрай бастайды, төлеуге уәде береді, одан кейін алдап кетеді. 2015 жылғы тасқын естеріңізде ме? Бизнесмендер құтқарған. Әкімдіктің өтініші бойынша зардап шеккендерге үй салып берді. Құрыс жүргізгендері үшін шаршы метріне 150 теңге төлеуге уәде етілген. Алайда келісімшартқа келгенде әкімдік 90 мыңға дейін түсірген. Қабырғасы қаланып қойғаннан кейін келісуге тура келген. Бірақ кейбіреулеріне әкімдік 150 мың теңгеден төледі! Дегенмен үйлер бірдей», – дейді ол. Тексеру тобының басшысы ресми келісімшартты күтпестен істі бастап кеткен кәсіпкерлердің де кінәсі бар екенін айтады. Жерлестер баспанасыз қалмасын деп іске кірісіп кеткендіктен еріксіз қайырымдылық жасаушы боламыз деп ойламаған. 

Мысалы, «Әділ» фирмасы билікке сеніп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін үй құрылысын бастаған. Алайда, шығынға ұшырып, 40 млн теңгеге қарызға батқан, оның ішінде 14 млн теңгені қызметкерлерге төлеген, 13 жұмысшыны қысқартқан. Алданған құрылыс фирмаларының жалпы саны – бесеу. Бас прокурор үшін неліктен кейбіреулеріне 150 мыңнан, ал басқаларына 90 мыңнан төленгені түсініксіз күйінде қалды.

«Әртүрлі әрекеттің себебі қандай? Кім оны шешкен? Біз, яғни прокуратура нақты кәнілі адамды анықтау керекпіз. Біз қылмыстық істі тіркей аламыз ғой. Экономикалық тексеру қызметі  кәсіпкерлерге қыдмысты іс қозғағанша, осы төлемдерді анықтаумен айналысу керек еді», – деп тапсырды Жақып Асанов.

Қарағандыдағы бизнестің осы жағдайы қуантарлықтай емес. Бас прокуратураның тапсырмасы еленбейді, статистика бұрмаланады, іс заңсыз тергеледі, былық тоқтатылмай отыр. Ержан Ералив айтқандай, айтарлықтай заң бұзушылықтар шоғырланып қалған.

«Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың беделін түсіру» деп сипаттады Бас прокурор, сонымен қатар заң бұзушыларды – «біздің мемлекетіміздің, біздің экономикамыздың жауы» деп атады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер