«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорда кәсіпкерлерінің конференциясы өтуде

2017 жылғы 10 Ақпан
5439 просмотров

Бас қаланың басты мәселелері келелі жиында ортаға салынбақ

Астанада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешовтің қатысуымен кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясы басталды

Конференцияда елордадағы кәсіпкерлікті дамытудың негізгі басымдықтары талқыланады, сондай-ақ Астана қаласы нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерінің тікелей жеткізілу мүмкіндігі жайлы, бизнес-ортаны жетілдіру туралы сөз қозғалады.

Іс-шарада «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасарлары Нұржан Әлтаев, Төлеміс Шотанов, сондай-ақ Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов баяндама жасайды. Аталған жиында елордада бизнестің барлық саласын дамытуға қатысты Ұлттық палатаның ұсыныстарын жеткізеді.

Тұрғын үйге арналмаған орын-жайлардың функционалдық қызметі бойынша заңнама талаптары, адал салық төлеушілерді ҚҚС бойынша тіркеу есебінен ескертусіз жүйелі түрде шығару, сонымен қатар энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнын жаппай азайту мәселелері талқыланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер