«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қанат Сахариянов Atameken Business Channel Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды

2017 жылғы 07 Ақпан
9369 просмотров

Бұл шешім «Atameken Business Channel» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданды

Қанат Сахариянов 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы-Басқарушы директоры болып тағайындалды. 

Қ.Сахариянов Қазақ ұлттық заң академиясының үздік түлегі. Оған дейін Қазақ мемлекеттік медицина университетін бітірген.

2007 жылдан Asia Law & Practice (Legal Media Group) ұйымымен жыл сайын құрылатын Азия-тынықмұхиттық корпоративтік заң кеңесшілері тізіміне енген.

2008 жылы Франция Коммерция жоғары мектебінің (HEC, Paris) International Executive Master of Business Administration (IE MBA) дәрежесін алды.

2015 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясында Іскерлік әкімшілік докторы дәрежесін алды. 

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік, ауызекі жапон тілін меңгерген.  

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі, «Қазмедиа Орталығы» Басқару компаниясы» ЖШС Бас директоры, «Коммерческий телевизионный канал» АҚ Бас директоры болып қызмет атқарған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер