«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ABCTV Қазақстан медиа-нарығында 3-орында

2016 жылғы 17 Тамыз
9746 просмотров

Atameken business channel ғаламтордағы үздік дереккөздердің үштігіне енді

«Медиа-систем» агенттігінің зерттеуі бойынша, 2016 жылдың маусым айында ақпараттық сайттар мен ақпарат агенттіктерінің сайттарында, басылымдар мен олардың сайттарында, телеарналар мен телеарна сайттарында Atameken business channel мәліметтерін 4 563 рет дереккөз ретінде пайдаланған. Сөйтіп, жаңа бизнес-арна үшінші орынға тұрақтады, ал бірінші және екінші орындарда КТК және 24 KZ тұр.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы дереккөздер рейтингісін анықтау, «Медиа-систем» агенттігінің деректер базасы негізінде, контент-талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін 2016 жылдың тиісті кезеңі есепке алынған. Сондай-ақ «Медиа-систем» агенттігі дереккөздер ауқымының нақты санын қамтиды.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық Atameken business channel бизнес-арнасы алғашқы көрсетілімін 2016 жылдың 23 мамырында бастады. Жаңа медиа-арнаның басты мақсаты – бизнес-қоғамдастықты тың ақпаратпен қамтамасыз ету, кәсіпкерлерге және іскер адамдарға маңызды шешімдер қабылдау үшін қажетті әрі өзекті іскерлік ақпарат ұсыну. Хабар тарату мемлекеттік және орыс тілдерінде жүреді.

Atameken business channel арнасының аудиториясы – шағын, орта және ірі бизнестің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер. www.abctv.kz телеарнасы – LiveStream тәртібінде жұмыс істейтін ғаламтордағы алғашқы арна. Ақпарат тарату ауқымы – Қазақстан, ЕАЭО, ТМД және дүниежүзі елдері.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер