«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Саяхатшыға керегі – жайлы демалыс

2017 жылғы 03 Ақпан
9890 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлік палатасы сарапшылары көшпелі туризм саласында азаматтар құқығын кепілдендіру жүйесін жетілдіру қажеттігін айтады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өткен жылы көшпелі туризм саласында азаматтар құқығын кепілдендіру жүйесі саласының мәселелері бойынша бірнеше отырыс өткізген болатын.  Бұл талқылаулар ҚР Ұлттық банкі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері мен туроператорлар, қауымдастықтар, сақтандыру компанияларының қатысуымен өткізілген болатын.

Туризм нарығының өкілдері көшпелі туризм саласында қалыпты жұмыс істеу үшін еш кідірусіз шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді ортаға тастады. Турбизнес саласында туындаған барлық сұрақтарға жауап пен түсініктеме алу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Инвестициялар және даму министрлігіне бірқатар сауалдар жолдаған болатын. 

Мәселен, сатылым тереңдігін қамту мәселесі шешілмей тұр, бұл тұрғыда туристердің көбі туроператорлардың әділетсіз әрекетінен зардап шегеді, бұл турпакеттерді алдын ала сатып алған, бірақ, уақытында демелыс аймақтыран жете алмаған туристер. Осы тұрғыда ҰКП сарапшыларының пайымдауынша қолданыстағы құралдар шеңберінде сталымдар тереңдігін қамту мәселелрін қайта қарау қажет. 

Министрліктің түсіндіруінше, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңы нормаларына сәйкес, туристер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің пайда алушылары болып табылады. Әрі қарай, арнайы есепшотта қажетті соманың жиналуы жағдайында туристік жолдаманың қызметін ала алмаған ҚР азаматтарының құқығын қорғау мәселесі қаралады.  

«Атамекен» сарапшылары тағы бір мәселенің басын ашты. Отандық туристік нарықта тек қана ТМД елдеріне бағытталған жолдамалар бойынша жұмыс істейтін және жергілікті (шипажайларға жолдамалар, экскурсиялық турлар және т.б.) демалысты қамтамасыз ететін туроператорлар бар. Олар автобус, пойыз немесе кесте бойынша ұшатын әуерейстері арқылы жүзеге асатын турпакеттерді ұсынады. Бұл туроператорлардың чартерлі әуерейстерді қолдану арқылы жаппай бағыттарды саудалайтын туроператорларына қарағанда тәуекелдері аз. «Атамекен» ҰКП «шектеулі» бағыттар бойынша қызмет істейтін туроператорларға қарастырылған банктік кепілдендіруді алыптастау мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі түсіндіргендей «көшпелі туризм саласында азаматтар құқығын кепілдендіру жүйесі  қай елде (жерде) болуына қарамастан турист болып саналатын азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған». 

Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы 1-бабының 20-тармақшасына сәйкес «туристік өнім – саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы» деп түсініктеме берді.

Сонымен қатар Заңның 1-бабы 13-тармақшасына сәйкес «туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) көрсететін қызметтері) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер)» делінген.

Сәйкесінше, көлік түріне қарамастан турөнімге тасымалдау қызметі кіру керек.

ТМД аймағы бойынша жұмыс істейтін туроператорлар үшін банк кепілдігін алып тастау қисынсыз. Өйткені тураоператорлар кез келген уақытта чартер рейстері қызметін пайдалануға құқылы және олар осы құқықты пайдаланады. Мәселен, 2016 жылдың тамызында Гурзиядан Грузияға чартер рейстерін орындайтын «Skybus» атты әуекомпанияның ұшу бағыттары уақытша тоқтап қалды.

Жоғары аталған сұрақтардан басқа туроператорлар мен турагенттердің АҚЖ (азаматтық-құқықтық жауапкершілік) туризм мен кепілдендіру саласы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу, «Туристік Қамқор» механизмдерін жақсарту бойынша ұсыныстар, сонымен қатар «Қазақ туристік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұсыныстары жолданды. Аталған ұсыныстар бойынша жауап берілген жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер