«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристік код не үшін керек?

2016 жылғы 27 Желтоқсан
18262 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кеше, «Туристік Қамқор» қорының қатысуымен өткен Орталық коммуникация қызметінің брифингі бойынша БАҚ бетінде жарияланған ақпаратты нақтылауды жөн санайды

Сыртқы туризм саласындағы азаматтардың кепілдендірілген құқық жүйесін енгізу мәселесіне арналған брифингте «туристік кодсыз Қазақстаннан шетелдерге жасалатын туристік сапар заңсыз» деп саналатыны айтылды.

ҰКП-да айтылғандай, бұл тұжырым кейбір жағдайларда заңды бұрмалауға жол ашады. Мысалы, шетелге туристік кодсыз баланы алып шығуға нотариустардың сенімхат бермей жатқаны туралы шағымдар түсіп жатыр, алайда туристік код барлық туристерден талап етілмейді.

Туристік код міндетті түрде туристік оператормен жасалған және туристік агент арқылы іске асырылған туристік өнімді сатып алған туристерде болуы тиіс. Егер де турист өздігінен қызметті брондаған болса, онда оған туристік код қажет емес.

Туристік кодтарды беру – «Туристік Қамқор» қоры қызметі аясында қолданылатын құрал. Ол сыртқы туризмнің туристік операторлары мен қордың ішкі құжаттарын реттейтін жалдамалы туристік операторлардың міндеттерді дұрыс атқаруын қамтамасыз етеді. Туристік код Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген сомада алынады. Ол сыртқы туризмдегі туристік оператордың әрбір туристік өнімнен түсетін  комиссиялық жиынтық төлемді қордың арнайы есепшотына аударғанын тексеруге мүмкіндік береді.

Заңға сәйкес шетелге шығу кезінде туристік кодтың бар-жоғын тексеру қандай да бір өкілетті орынның құзырына кірмейді.

Сыртқы туризм саласындағы ҚР азаматтарының кепілдендірілген құқықтары жүйесі – Қазақстан заңнамасы үшін жаңалық. Әдеттегідей бұл да бастапқы кезеңді бастан өткеріп жатқандықтан, нарықтағы қатысушылардан түсіндіруді талап ететін бірқатар сұрақтар туып, заңға қосымша өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мысалы, туристік нарықта «туристік өнім» ұғымын түсіндіру туралы мəселе бар. ТМД шипажайларының қызметін ұсынатын туристік операторлар әуе тасымалдау қызметін көп жағдайда көрсетпейді. Турист пойызбен немесе автокөлікпен бара алады. Тағы бір мысал. Турист жүйелі рейске жолдама мен әуе билетін сатып ала алады. Оған қордың қызметі қажет те болмайды. Осындай жағдайлар да туристік операторлар мен туристік агенттіктерде комиссиялық жиынтық төлем қажеттілігіне қатысты проблема туғызады.

Осыған байланысты бұл мәселе бірнеше рет ҚР ҰКП мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алаңында талқыланған болатын. Жиі қойылатын сұрақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен келісім жасалды. Өкілетті органдар түсініктеме бергеннен кейін, олар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП сайттарында жарияланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер