«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер құқығын аяқасты еткендер көбінесе жазасыз қалып жатады

2016 жылғы 05 Желтоқсан
8077 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсіновтің сөзіне қарағанда, заң баптарының күрделі болуы, кәсіпкерлерге жапа шектірген қызмет иелерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға мұрсат бермейді  

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғаудың ықпалды жүйесін құрғанымен, оның айтуынша, қаншама заңбұзушылықтар анықталып жатса да, оған кінәлі лауазым иелері жазасыз қалып жатады. Мәселен, 2016 жылдың 10 айы ішінде ҰКП-ға кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша 6 000-ға жуық шағым түскен. Прокуратура органдары экономика саласында тексерулер мен талдау жүргізу барысында 20510 заңбұзушылық анықтап, прокурорлық қадағалау актілері және прокуратура хаттары бойынша 3115 заңсыз акті жойылған және өзгертілген.

«Бұл Қазақстандағы бизнеске әкімшілік қысымның аз бөлігін ғана көрсетеді. Кәсіпкерлердің құқығын бұзушылыққа жол берген лауазымды адамдарға іс жүзінде ешқандай да жауапкершілік жүктелмейді, - деп келтірді Рустам Жүрсінов. - Лауазымды адамдарға қылмыстық және әкімшілік жаза шаралары өте сирек қолданылатынын статистика дәлелдеп отыр. Қылмыстық кодексте мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғаларға залал келтірген жағдайда оларға қолданылатын бірқатар баптарды атап өтуге болады. Бұлар – «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану» 361-бабы, «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану» 362-бабы, «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» 365-бабы, «Қызметтегі әрекетсіздік» 370-бабы, «Салғырттық» 371-бабы. Сіздердің назарларыңызды көрсетілген қылмыстар құрамына жазалауға мүмкіндікті қиындататын шарттар мен ескертпелер кіретініне аударғым келеді. Атап айтқанда, 361 және 365-баптарда («өкілеттіліктерді теріс пайдалану», «кәсіпкерлікке кедергі жасау») «қызмет мүдделеріне қайшы», «пайда мен артықшылықтар алу», «басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру» деген анықтамалар бар. Кез келген мемлекеттік қызметші сотта мемлекет мүдделері үшін әрекет еткенін, ешқандай пайдақорлық көздемегенін айтып сендіре алады. Керісінше екенін дәлелдеу өте күрделі».

«Атамекен» өкілдерінің пікірінше, осы баптардың күрделі құрамдары лауазымды адамдарды кәсіпкерлерге келтірген залалдары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді. Ал егер жеке пайдасын көздегені анықталса, онда бұл – қылмыстың басқа құрамы. Парақорлыққа тән мұндай құрамның болуы Қылмыстық кодекстің жоғарыда келтірілген баптарын тәжірибеде толығымен қолдануға мүмкіндік бермейді.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 361, 362, 365, 370, 371-баптарын түбірімен, соның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға арналған тарауда олардың болу негізділігі тұрғысынан қайта қарастыру қажет деп санаймыз. Қолданылатын әкімшілік жауапкершілік тәжірибесі де көптеген сұрақтарымыз бар. ӘҚБтК-де мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіпкерлер алдындағы жауапкершілігін қарастыратын үш бап бар.  Бұлар – «Лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы» 173-бабы, «Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу» 175-бабы, «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу» 175-1-бабы. Заңсыз тексерулерге қатысты соңғы екі бап бойынша, ӘҚБтК-не сәйкес, хаттамаларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, яғни Ұлттық экономика министрлігі жасауы керек. Бірақ Министрліктің аймақтарда өз бөлімшелері жоқ. Бұл функция ұйымдық жоспарда бекітілмеген және іс жүзінде қолданылмайды, яғни тиісті құқықбұзушылықтармен нақты жұмыс істейтін  мемлекеттік органды айқындау аса қажет», - деп нұсқады ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Мұндай тәжірибені өзгертіп, заңнамаға кінәлі адамдарды жазалауға мүмкіндік беретін қосымша шарттар енгізу керек деп санаймыз. Соттың істі қарауы және басқа да тексерулер уақытына мерзімдерді тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыру қажет. Мемлекеттік қызмет істері агенттігін кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында даулы мәселелердің бар болуы туралы ақпараттандыру тетіктерін, сонымен қатар Агенттік тарапынан мұндай фактілерге ден қою тетіктерін енгізу керек. «Жазаның қолданылмай қалмайтындығы» принципінің орындалуын толық көлемде қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне шағымдану мониторингін және жауапкершілік шараларын өз уақытында қолдануды мемлекеттік органдар мен Агенттік жұмысының тиімді көрсеткішінің бірі ретінде қарастыру керек», - деді Рустам Жүрсінов.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер жайындағы мәселені ерекше атап өтті. Сатып алулар саласында Ұлттық палата Қаржы министрлігімен бірге жағдайды жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылдағаны аян. Атап айтқанда техникалық ерекшелік жобаларын алдын ала талқылау институты енгізілді, шағым түсіру тетіктері қайта қаралды, шарттарды бұзу рәсімдері регламенттелді, өтінімдері қабылдамау себептерін жариялау тәжірибесі енгізілді және т.б. «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларында Ұлттық палатаның бастамасымен қадағалаушылар, тәуелсіз салалық сарапшылар, алдын ала біліктілік іріктеу  институттары енгізілді. Бірақ бұл шаралар жеткіліксіз болып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер