«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қолданыстағы жүйе жұмысын жақсартуды ұсынады

2016 жылғы 30 Қараша
- Қостанай облысы
8418 просмотров

Деректердің онлайн қызметі бар кассалық-бақылау машиналарын (КБМ) жаңарту қостанайлық кәсіпорындарды шығынға батыруы мүмкін

Акцизделген өнімдерді сатушылар жаппай жаңа аппарат сатып алуы мүмкін немесе олар ескілерін қайта жаңартуға мәжбүр болады. Өйткені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қолданыстағы салық органдарына мәліметтерді беру бағдарламасы өз жұмысын тоқтатпақ.

Бұл өзгерістер «Фискальды драйвер» деп аталатын бағдарламалық қамсыздандыруға байланысты орын алмақ. Мұны кезінде «Қазақтелеком» АҚ жасап, оны жүйелік операторға енгізген болатын. Негізінде кассалық-бақылау машинасымен жұмыс істеу тиімді, себебі ол деректерді өзі беріп, шығарады. Салық кодексіндегі өзгерістерге сәйкес, 2015 жылдан бастап дизель отынды, бензин және алкогольдік өнімдерді көтерме және бөлшектеп сататын кәсіпорындар мұндай КБМ орнатуға міндетті болған. Алайда ол кезде аппараттар тізімі нақтыланбаған еді, тіпті КБМ-ның өзі де тапшы болатын. Мәселенің шешімі табылды. Кәсіпкерлер «фискальды драйверді» компьютерлеріне орнатып, өздері бұған дейін қолданып келген кассалық-бақылау машиналарын соған жалғаған.

Бұл нұсқа барлығын қанағаттандырды десек болады. Деректер салық басқармасына жіберіліп, Салық кодексінің ережелері де орындалып жатыр. Алайда, оператор өз сайтында бағдарламаны өшіріп жатқаны туралы хабарлады. Демек, бизнесмендер жаңа КБМ сатып алып, орнатуға мәжбүр болады немесе арнайы жаңартылған топтаманы сатып алулары керек.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлер палатасына жанар-жағармай сатумен айналысатын компаниялар мен супермаркеттердің басшыларынан арыз-шағымдар көптеп келіп түсті. Олар қаржы операцияларының ашықтығына қарсы емес екенін, бірақ ұсынылып отырған өзгерістердің қазіргідей күрделі кезеңде «қалтаға әжептеуір салмақ салатынын» айтып отыр.

«Бізде үш ірі дүкен бар. Бұл дегеніміз бір немесе екі миллиондық шығын емес қой. Жүйе жұмыс істеп тұр, мұндай өзгертулердің не қажеті бар? Қазірдің өзінде бізде жаңа аппараттардан артық жұмыс істейтін фискальды машиналар орнатылған. Олар сапа жағынан мықты, жұмыс жасау кезеңі ұзағырақ», – дейді «Тамаша» супермаркет желісі директорының орынбасары Дмитрий Стрекалов.

Сондай-ақ, оператордың драйвер жұмысын тоқтатуының себебі – бағдарламаның жетілмегендігі. Ол қайта-қайта жұмыс істемей қалады. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасында талқылау кезінде айтылды. Бизнесмендер нақты бір топтардың мүддесі жатқанын жоққа шығармайды. Қымбат болса да, қолданыстағы бағдарламаның жұмысын жөндеу әлдеқайда оңай. Оны толығымен жойып, жаңа құрылғыға қаражат жұмсағаннан жеңіл.

Дегенмен, кәсіпкерлердің үміті әлі де сөне қойған жоқ. Бұдан аз уақыт бұрын аталған проблема «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы деңгейінде барлық тараптардың қатысуымен талқыланған болатын.

«ҰКП бағдарламалық қамсыздандыру жұмысын кәсіпкерлер жақсартылған топтамаларды сатып алғанға дейін ұзарту туралы өз ұсынысын білдірді. Әрине, барлығын бірден емес, ақырындап, мейлінше аз қаражат жұмсау арқылы. Біз кімге, қанша уақыт қажет деген секілді мәліметтерді жинап, оны Ұлттық палатаға жібердік. Қазіргі таңда бұл жалғыз балама және ол қазір қайта қаралып жатыр. Бірақ біз бұл мәселені күнтәртібінен алмаймыз, бақылауда ұстаймыз және де бизнесмендер мүддесін де барынша ескеруге тырысамыз», – деп мәлімдеді Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Татьяна Черныш.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер