«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірыңғай қазақстандық брендті қалыптастыру жолында

2016 жылғы 09 Қараша
9892 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Астанада «Ұлы дала елі» атты отандық тауар өндірушілердің ІІ форумы өтуде

Марракеш келісіміне қосылып, біздің Дүниежүзілік сауда ұйымы өтуіміз – бұл Қазақстан үшін айрықша күн болған еді. Содан бері бір жыл өтті. ДСҰ-ға қосылу Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер  ашты.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесе отырып, қолайлы бизнес-климат жасауға көп күш жұмсайды. Сонымен қатар қазақстандық кәсіпкерлердің халықаралық деңгейге шығуын есепке ала отырып, қолдаудың жаңа шараларын жасауды және оны жүзеге асыруды жалғастырады.

Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП жыл сайын форум өткізу туралы шешім қабылдады. Ол жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы өзара әрекеттестікті жақсартуға, сонымен бірге бизнес пен ұлттық экономиканы дамыту бойынша жоспарланған және енгізілген шаралар туралы бизнеске ақпарат жеткізіп отыруға бағытталған.

2016 жылдың 18 қарашасында «Көрме» орталығында «Сатып алу, өткізу, сауда, экспорт» форумының пленарлық отырысы өтеді. Форумға қатысушыларды тіркеу  9:00-де басталады.

Өткізілетін форум аясында:

- сатып алушылар мен отандық тауар өндірушілері арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау;

- В2В екіжақты кездесулер, мұның аясында икемді және тиімді стратегия құру, отандық бизнесті дамыту мен қолдау үшін сатып алушылар тарапынан сұрақ қою мүмкіндігі болады;

- «2016 жылдың үздік сатып алушысы» аталымы  бойынша марапаттау;

- 260-тан астам отандық тауар өндірушілер көрмесі және тағы басқа шаралар жоспарланып отыр.

Форумға yludala.kz сайтына кіріп, онлайн тіркелуге болады.

Сонымен қатар біздің palata.kz және abctv.kz интернет-сайттарымыз арқылы онлайн-тіркелу беттеріне өте аласыздар.

Анықтама үшін: тел: +77172 919300 (ішкі 1836); e-mail: bbibisara@mail.ru.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер