«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Халықты жаппай кәсіпкерлікке тарту мақсатында

2016 жылғы 25 Қазан
8033 просмотров

Қазақстандағы кәсіпкерлікті жаппай дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларына түзетулер енгізіліп жатыр

Табысты қызмет етіп келе жатқан және өз кәсібін енді ашқан кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету ережелерін түзету «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенді түрде қатысуымен жүзеге асырылуда. Рalata.kz тілшісінің өтінішімен алдағы жаңашылдықтарға тоқталған ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев: «Бастапқы тұжырымдама Қазақстан Премьер-министріне таныстырылып, ол оны мақұлдады, енді құжатты одан әрі бекіту керек», – деді. Министр «жаппай кәсіпкерлік пен еңбек өнімділігіне басым бағыт берілгенін» жеткізді.

«Біз микронесие беру ауқымын кеңейтіп, бұған банк саласын белсенді түрде тартпақпыз. Себебі, несиелерді қазақстандықтар тек шағын қалаларда ғана емес, сондай-ақ, ірі қалаларда алуы тиіс. Өйткені, тұрғындардың басым көпшілігі жұмысқа түру үшін, ірі қалаларға келіп жатады және дәл осы қалаларда шағын бизнес ашу мүмкіндігі жоғары», – деп атап өтті министр.

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, «Қазагро» холдингі арқылы және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» желісімен тағы бір қолға алынатын мәселе – жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылдағы кооперативтерді дамытуға баса назар аудару болып отыр, деді Қуандық Бишімбаев.

Сонымен қатар, ауылдағы микронесие беруді дамыту үшін, «өз ісін алғаш рет ашып жатқан кәсіпкерлерге қаражат қарастыру» ұсынысы қаралды.  «Яғни, жеке ішкі бағдарлама жасап, ауылда бизнеспен шұғылдануды ең алғаш рет қолға алған жандар, несиенің шағын көлемдегі сомасын алуы керек, себебі, мұндай тұлғаларда несие алу тарихы жоқ», – деді ұлттық экономика министрі.

ҰЭМ ақпаратына сенсек, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының тек 4%-ы ғана мемлекеттік қолдау шараларын қолданады екен. Ал, олардың 40%-дан астамы ресурстар тарту үшін, жеке бизнесін ашуға қажет  өтімді кепіл базасының жоқтығын алға тартқан. 

Елімізде өнімді жұмыспен қамту ісін дамыту мақсатында, жұмысшы мамандықтарына оқушылар және орта-арнайы техникалық білім алушылар санын арттыру жоспарланып отыр. Қуандық Бишімбаевтың мәліметінше, жыл сайын 21 мыңнан астам мектеп оқушылары, тоғызыншы сыныптан кейін «ешбір оқу орнына оқуға түспейді» екен. «Осы орайда, біз «Атамекен» ҰКП үйлестіретін бірқатар тетіктерді ұсынып отырмыз. Бұл бағдарламалардағы негізгі талап, ол дуальды оқыту болмақ. Яғни, тұрғындар оқумен бірге, кәсіпорында тәжірибе өтіп, жұмыс беруші оған бұл процесті қамтамасыз етуі тиіс», – деді ұлттық экономика министрі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер