«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қант қызылшасына шикізат қажет

2016 жылғы 07 Маусым
10308 просмотров

«Атамекеннің» шағын несие беру бағдарламасы Алматының қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етеді

Алматы облысы Ауыл шаруашылығын қолдау қоры филиалының директоры Мәди Ибадуллаев өңірдегі шағын несие беру бағдарламасының барысын баян етті. «Осы аптаның соңына дейін 20 жобаға 60 млн теңге беруді жоспарлап отырмыз. Жалпы алғанда 60 жобаны қарастырмақпыз, соның 20-сын мақұлдап үлгерсек, тағы 40-45-і қаралу үстінде», – деп мәлімдеді ол.

Ибадуллаевтың айтуынша, Алматы облысында шағын несие беруде көктемгі егістік жұмыстарына басымдық беріліп отыр, 90%-ы қант қызылшасын өсіруге бағытталуда. «Жобалар бойынша біздің әлеуетіміз осындай, бұл Алматы әкімдігінің қалауы. Өңірде екі қант зауыты бар, оларға шикізат жетіспейді. Шілде айынан бастап бизнестің басқа түрлерін несиелендіреміз», – деді ол.

Қор филиалының директоры атап өткендей, облыстағы бағдарламаның жарғылық капиталы 600 млн теңге болса, оның 300 млн-ын «Атамекен», қалған 300 млн-ын жергілікті атқарушы орган бөліп отыр.

«Халық бағдарламаға қызығушылық танытуда, өйткені мұнда пайыздық мөлшерлеме – жылына 6% ғана әрі мерзімі де оңтайлы – 3-5 жыл. Жалпы алғанда, жұмыс жолға қойылды, барлығы дұрыс, мәселе жоқ», – деді Ибадуллаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер