«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазпоштаның» жаңа қызметі кәсіпкерлердің шығынын азайтады

2016 жылғы 20 Қазан
9419 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тауарлар мен қызметтерге төлем қабылдайтын «SALEM, MOBILE!» қызметінің тұсауы кесілді

«Қазпошта» АҚ енгізген аталған сервис кәсіпкерлерге жаңа қымбат қондырғыларды (POS-терминалдар) сатып алуға және интернет арқылы төлеуге кететін шығындарды барынша азайтуға жол ашпақ. Төлемдерге салынған қаражат «Қазпошта» АҚ-да ашылған есепшотқа немесе ұялы телефон арқылы Қазақстанның кез келген банкіндегі есепшотқа аударылады.

«SALEM, MOBILE!» – ол сатып алушының ұялы телефонынан *499# USSD-командасы арқылы жіберілетін тауарлар мен қызметтер төлемі. Осылайша, қаражат сатып алушының ұялы телефонының нөміріне тіркелген төлем картасы есебінен жеткізушінің есебіне аударылатын болады. Сатып алушы үшін, сервистің қолайлығы сол, тауарлар мен қызметтер үшін оған интернетке қолжетімділік немесе өзімен бірге төлем картасын бірге алу қажет емес. Операцияны орындау үшін, бар болғаны www.post.kz.-ке картаны (кез келген банк картасы) бір рет тіркесе болғаны. 

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов, бұл жаңашылдық орта және шағын кәсіпкерлер үшін, төлем жасауға қажет таптырмас құрал деп отыр. Себебі, көп жағдайда олардың дені төлем жасайтын POS-терминалдардың қымбатталығы салдарынан, оған қол жеткізе алмай отыр. «Төлемге қатысты түйткілді мәселемен бетпе-бет келіп жүрген ауыл тұрғындары үшін, ең ұтымды тәселдердің бірі жаңа «SALEM, MOBILE!» қызметі болмақ. Сервисте шағын және орта кәсіпкерлікке басым бағыт берілген. Қызметті жаңа түрі қомақты қаражатты қажет ететін қондырғыға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», – деді Мұрат Әбенов.       

Кәсіпкерлер қызметті «Қазпошта» АҚ-ның кез келген филиалында қосқыза алады. Өтініш 10 жұмыс күні ішінде қаралып, кейін кәсіпкерлерге қызметтің қосылғаны туралы анықтама берілетін болады. Сонымен бірге, www.post.kz («SALEM, MOBILE!» бөлімі) пен salem-mobile.kz сайттарында өтініш беруге болады.

Айта кетерлігі, USSD-команда ұялы байланыс желісінде қолжетімді. Сондықтан ол, ғаламтор желісі қосылмаған шалғай ауылдарда төлем жасауға мүмкіндік бермек. «SALEM, MOBILE!» қызметі алғаш рет Ақмола облысының Шортанды ауылындағы дүкенде іске қосылды. Енді қызмет Қазақстанның кез келген қалалары мен ауылдарындағы кәсіпкерлерге қолжетімді болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Төлем және төлем жүйесі» туралы Заңына сәйкес, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін іске асырып жатқан орындарда төлем картасын қолдану үшін төлем қабылдау қондырғыларын (құрылғы) орнату және төлем карталары арқылы төлем қабылдауға міндеттелген еді. 

Қызмет бойынша толық ақпаратты «Қазпошта» АҚ байланыс орталығынан тегін 1499 нөмірі арқылы білуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер