«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Чекті көп тапсырып, сыйлық ал!

2016 жылғы 14 Қазан
7752 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитеті «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» науқанын қайта бастады

Ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім еткендей, өткен жылы Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰКП қолдауымен бүкіл республика бойынша «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» науқанын жүргізген. 200-ден астам сыйлық ойнатылған (тұрмыстық техника мен гаджеттер), соның ішіндегі басты сыйлық – Chevrolet маркалы автомобиль.

«Науқанға қатысу үшін науқан кезінде тауарға, жұмыстар немесе қызметтер түріне ақы төлегенде алған фискалды чектерін азаматтар мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуы қажет болды. Бүкіл ел бойынша науқанға 2 миллионнан астам адам қатысып, 10 миллионнан астам чек тапсырды. Науқанды өткізудің нәтижесінде заңсыз жұмыс істеп жүрген 9 мыңнан астам жеке кәсіпкер салық есебіне қойылып, 8 мыңнан астам бақылау-кассалық аппараты тіркелді», – дейді Мұратбай Жұманбай.

Оның айтуынша, осылайша, қазақстандықтар өздерінің белсенді әрекеттерімен көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға үлес қосқан.

Осы жылдың 1 қазанынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен «Чекті талап ет – сыйлық ұтып ал!» науқанын қайта бастауда. Науқанның мақсаты – тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынушылар өздерінің жеке мүдделерін қорғау үшін, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Мұрат Жұманбай өткен жылы науқанның әр өңірде жекелей және әртүрлі формада өткізілгенін мәлімдеді. Кейбір жерлерде чектер WhatsApp қосымшасы арқылы қабылданса, кейбір облыстарда қағаз лотерея билеттеріне ауыстырылып, жеңімпаздар лотерея арқылы анықталған.

«Өткен науқанның нәтижелерін шығара келе, біз биыл науқанның автоматтандыруға және орталықтандыруға уәде бергенбіз. Сондықан бұл жолы науқан «Атамекен» ҰКП қаржылай қолдауымен «Wipon» көлеңкелі экономикамен күрес мобильді қосымшасы арқылы электронды форматта іске асырылады», – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі.

«Wipon» қосымшасы – отандық бағдарламашылар әзірлеген таза қазақстандық өнім. Оны тегін көшіріп алып, смартфондар мен басқа да гаджеттердің барлық түрлерінде қолдануға болады.

Науқанға фискалды чектің суретін ұсыну арқылы тауарды, жұмысты немесе қызмет түрін сатып алғанын растайтын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Фискалды чекті бермеген жағдайда, азаматтар аталған құқық бұзушылық бойынша шағымдана алады.

Шара 1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Осы кезең аралығында облыстар мен Астана және Алматы қалаларында әр ай сайын сыйлықтар ойнатылып, табыс етіледі.

Гранд-финал жыл соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Сыйлықтарды бизнес-қауымдастық ұсынады.

Жеңімпаздар кездейсоқ таңдалған чектер арқылы анықталады. Осылайша, қатысушы чекті неғұрлым көбірек жіберсе, сыйлықты ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым көбірек болады.

Ойынға қайтара жіберілген фискалды чектер қатыстырылмайды.

Жеңімпаздарды анықтау процессі ашық және объективті түрде өтуі үшін әрбір облыстарда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан комиссиялар құрылады. Олардың құрамына бизнес-қауымдастықтардың, БАҚ-тың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер