«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП мамандары мен неміс сарапшылары ауыл шаурашылығы кооперациясын құру саласында бірлесіп жұмыс істемек

2014 жылғы 13 Наурыз
8854 просмотров

«Қазақ-германдық аграрлы-саяси диалогы» жобасы өкілдері мен ҰКП комитеті хатшылығы сарапшыларының қатысуымен өткен кездесуде бірігіп жұмыс жасау бағыты түзілді.   

«Қазақ-германдық аграрлы-саяси диалогы» жобасы Қазақстанда 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы кезге дейін ҰКП дамытуға байланысты түрлі кеңестер айтылып, Ауыл шаруашылығы министрлігінде құрылған мастер-жобаларға баға берілді, қазақстандық аграрийлер, шенеуніктер,тілшілер қызметі мен консалтингке түрлі қолдау көрсетілді. Бұрыннан зор беделге ие Чаглинкодағы аграрлық орталық сапалы білім беріп келеді. 

«Фермер үш негізгі мәселені білуге тиіс: қолда жердің барлығы, онымен не істеу керектігін ұғыну, меншікке қатысты мәселелерді толыққанды түсіну»,-деді «Қазақ-германдық аграрлы-саяси диалогы» жобасының жаңа басшысы Дитхард Рудерт. Германиядан келген әріптестер осы үш бағыт бойынша жұмыс жасайды.

Десе де, олар айтқан барлық ұсыныстар бізде бірден әрі толық түрде қабылдана қойған жоқ.

«Кооперацияның Қазақстанның аграрлық секторына аса қажеттігі туралы айтудан шаршадым», - деді кездесуде әзіл-шынын аралас етіп ГФА Консалтинг Групп»-тың аграрлы экономисты Андреас Грамцов. «Бастапқыда Ауыл шаруашылығы министрлігіне кооперацияға жауапты 3 маман бөлінуі тиіс. Ал мәселе өз дәрежесінде қабылдануы үшін белгілі бір жағдай қалыптасуы керек еді», - деді ол.

Бүгінгі күні бұл қызмет түрі өте қажет. Палатаға қарасты агроөндірістік кешен комитеті хатшылығы тарапынан бірігіп жұмыс жасауға деген қажеттілік барлығы айтылды.

Сондай-ақ, ФРГ-ның ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу тәжірибесіне үңілуге болады. Германияда ауыл шаруашылығына бизнес ретінде емес, әлеуметтік, ландшафты-экологиялық салалардың бірі деп қарайды.

Қазақстанның агро-өндірістік кешенінде экологиялық өнім шығарып, ауылдық жерлерде кәсіптік училище құруға болады. Тәжірибеден өту де қызықты болмақ – жас маман фермерден екі жыл тәжірибеден өтеді, ал мемлекет болса тандемге қаржылай көмек көрестіп отырады.

Аймақтардың әлеуетін зерттеуге, мамандандыру бөлу бойынша Германияда көптеген мемлекеттік институттар мен Жер Үкіметі айналысады.

Талқылай келіп, тараптар мына бағыттар бойынша өзара жұмыс істеуге келісті:

  1. ауыл шаруашылығы кооперациясы;
  2. ауыл шаруашылығына арналған жерді жалға алу;
  3. ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
  4. орта буын мамандарын оқыту.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер