«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеденде қандай кедергі бар?

2016 жылғы 05 Қазан
7454 просмотров

Cыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан ЕАЭО шекараларындағы кедендік өткізу орындарының жұмысы туралы өз пікірлерімен бөлісу сұралып отыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кедендік әкімшілік ету департаменті хабарлағандай, бақылау органдары қызметі мен өткізу орындарының қызметін бағалау бойынша сыртқы экономика қатысушылары арасында сауалнама жүргізу ұсынылып отыр.

«Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бақылау органдарымен және Одаққа мүше елдердің бизнес-қауымдастығымен бірлесе отырып, Еуразиялық экономикалық одақ кедендік шекарасының бақылау органдары мен өткізу орындарының қызметін бағалау әдіснамасын жасау қолға алынған», – деп хабарлайды департамент өкілдері.  

Осыған орай, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына арнап сауалнама әзірленген. Сауалнама, кәсіпкерлердің тауар тасымалдауда көбінесе қандай  көлікті қолданатынын, өткізу орындарындағы атқарушы билік қызметінің тиімділігін бағалауда қандай көрсеткіштерді маңызды екенін білуге, бақылау органдары санының өткізу пункттері қызметінің тиімділігіне әсер етуін және тағы басқа мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сауалнамада сондай-ақ, өткізу пункттерінде бақылау органдарының қайсысы кәсіпкер жұмысы үшін тиімді,  мемлекеттік бақылаудың қай түрі бойынша өткізу орындарының тиімділігін бақылауды жүзеге асыру қажет (шекаралық бақылау, ветеринарлық бақылау, фитосанитарлық бақылау, санитарлық-карантиндік бақылау, көлік бақылауы, кедендік бақылау), уақытты үнемдеу үшін өткізу орындарындағы бақылау органдарының лауазымды тұлғалары жұмысын ұйымдастыруда нені өзгерту қажет және тағы басқа сұрақтар қамтылған.

Сауалнаманы 2016 жылдың 1 қарашасына дейін толтырып, жолдау қажет.

Сауалнама қорытындысы өткізу пункттері қызметінің тиімділігін бағалау әдіснамасын жасауда ескерілетін болады.

Сауалнамаға қатысу үшін келесі сілтемеге өту керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeivnL9r8IxPrmPN3j32qSsIUU4E49l7v_1W67JoSUrqOmolA/viewform


Еншілес ұйымдар

Серіктестер