«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Медициналық емханалар мемлекеттік сатып алуларда отандық өндірушілерді қолдайды

2016 жылғы 29 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5895 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстандық медициналық компаниялар қауымдастығы өзара түсіністік және серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Қол қойылған меморандум аясында Қазақстанның жекеменшік медициналық емханалары тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алу кезінде қазақстандық өндірушілерге таңдау жасауға міндеттеледі. Ол медициналық дәрі-дәрмектер, құрылғылар да, сондай-ақ жиһаздар мен арнайы киімдер де болуы мүмкін. Аталған келісім денсаулық сақтау саласында бизнесті дамыту үшін оңтайлы жағдай жасауға, әлеуметтік серіктестік пен бизнестің ұжымдық әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов пен Қазақстандық медициналық компаниялар қауымдастығының президенті Қуаныш Керімқұлов қол қойған құжаттың негізгі мақсаты қазақстандық компаниялардың өтімділігін арттыру және қаражатқа қолжетімділікті қамтамасыз ету.

«Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2015 жылдың 19 қарашасы күні Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті құрамды мониторингілеу жөніндегі комиссия құрылды. Оған Кәсіпкерлер палатасының директоры мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары басшылық етеді деп шешілді. 720 кәсіпорын, 495 отандық тауар өндіруші, әкімдіктің 9 басқармасы және 295 мекеме қамтылды. Комиссияның сегіз отырысы өтті. Қазақстандық медициналық компаниялар қауымдастығымен әріптестік процесінде жекеменшік емханалар отандық өндірушілерге басымдық беруі үшін меморандум құруды ұсындық. Мұны әріптестеріміз де қолдады. Біз барлығын отандық құрамды бірден арттыруға мәжбүрлемейміз. Бұл кезең-кезеңімен жүргізіледі», – деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, жыл басынан бері жергілікті тауар өндірушілерге 42 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың 8 айының ішінде сатып алулардағы қазақстандық құрам үлесі 2015 жылғы 28%-ға қарағанды, 64,1%-ға артқан, яғни 2 есе өсімді көрсетті. Оған қоса Алматыдағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес кәсіпорындарымен сатып алулар бойынша жасалған шарттарда қазақстандық құрамның үлесі 72%-ға жеткен. Алматының ізімен Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті құрамды мониторингілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының өзге де өңірлерінде құрылғандығы көңіл қуантады.

Комиссияның жемісті жұмыс нәтижелерін Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы да атап өтті. «Біз қаладағы денсаулық сақтау басқармасы ұйымдарында мониторинг жүргіздік. Қазірде мемлекеттік аураханалардағы қазақстандық тауар өндірушілер құрамы 40%, жыл соңына қарай кеңейтілген мониторинг жүргізуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы біздің тілегіміз бен кеңестерімізге қарамастан сатып алулар өткізетін болады. 2016 жылдың соңына қарай 45%-дық көрсеткішке қол жеткізгіміз келеді», – дейді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқарамының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бөлімінің басшысы Ержан Сералин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер