Қазақстан – суреттер сөйлейді
«Мен Қазақстанды сүйемін» фотобайқауына қатысу үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда. Бүгінде елдің түкпір-түкпірінен 75 қатысушы тіркелген
Қатысу үшін барлығы 482 фотосурет қабылданған. Олардың түгелі бекітілген талаптарға сай болып отыр.
Атап айту керек, 50 үздік фотосуретті 2016 жылғы 28 қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан-Қытай туристік форум аясындағы фотокөрмеден тамашалауға болады. Сонымен бірге, оларды биылғы жылдың 4 қазанында болатын Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесі шеңберінде де көруге болады.
Фотобайқау Қазақстанның туристік жерлерін таныту және ел өңірлерінің туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Бұл кәсіби фотоөнер мамандарына да, өнерсүйер қауымға да өзіңді танытудың бірегей мүмкіндігі. Сонымен бірге, Қазақстан мен оның бай барихын, айрықша табиғатын, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлерін фотоаппарат объективі арқылы көрсету мүмкіндігі.
Жеңімпаздардың жұмысы «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасының ресми сайтында жарияланатын болады: www.palata.kz.
Фотобайқау нәтижелерімен Facebook желісіндегі «Басқару-Бизнес-Туризм» тобынан да танысып шығуға болады.
Бүгін оқырмандар назарына түрлі тақырыпты қамти білген байқау қатысушысы Жанар Үдербаеваның фотожұмыстарын жариялап отырмыз (көз алдыңдағы тіршілік, туған елдегі демалыс, урбанистикалық ландшафт, табиғатпен тілдесу).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: