«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төлемдер заңы туралы

2016 жылғы 23 Тамыз
12494 просмотров

«Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» заңның жекелеген баптары бірнеше жылдан кейін күшіне енбек

Елбасы 26 шілдеде қол қойып, жақында баспасөзде жарияланған негізгі заң 60 баптан тұрады.

Құжатты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әзірледі. Енді Ұлттық банк қызметкерлері төлем жүйелері мен төлем қызметін жеткізушілерге мемлекеттік бақылау жүргізеді. Осы ретте, негізгі деген тармақтар туралы сөз қозғауымызға болады.

Аталған заң «Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ төлем қызметтері нарығында төлем жүйелерімен жұмыс істеу кезінде туындаған қарым-қатынас субъектілері ретіндегі» жеке және заңды тұлғалар арасында әрекет етеді.

Төлем жүйелерінің заңда белгіленген негізгі талаптары туралы бірер сөз келтірсек, бұл жерде техникалық параметрлерге қарағанда реттеуші нормаларға басымдық берілген. Осылайша, төлем жүйесінің операторы ережелерді, сондай-ақ өзгерістер мен толықтыруларды, төлем жүйесі операторының тарифтері туралы ақпарат және осы тарифтегі басқа да өзгерістер туралы ақпаратты өздерінің  интернет-ресурстарында жариялауы керек. Соған байланысты операторлар, тарифтік түзетулер сайт та жарияланғаннан кейін ғана,  жаңа тарифтерге өтуге құқылы. Одан бөлек, бір төлем жүйесінен екінші төлем жүйесіне қатысушылардың қатысуын шектейтін төлем жүйелерінің нормаларына ереже енгізуге заңмен тыйым салынады. Және де төлем қызметін жеткізушіге, екі жақтың шешімімен келісімшартта көрсетілген комиссия мөлшерін, бір жақты тәртіппен көбейтуіне болмайды. Халықаралық төлем және ақша аудару үшін төленетін комиссияның төлем қызметін, жеткізуші тұтынушыға келісімшартта көрсетілген комиссияның өзгеру реті мен мерзімі туралы хабарлауы керек. Сатып алу, сату, жылжымайтын мүлікті жалға алу, жарнама, маркетингтік, кеңес беру және ақпараттық қызметтерді қоспағанда, өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға заң жүзінде тыйым салынатынын атап өткен жөн. Бұдан бөлек, төлем қызметін жеткізушіге әзірлеуге, бейімдеуге, түрлендіруге, бағдарламамен қамтамасыз етуді техникалық қолдауға, жасауға және ақпараттық жүйелер мен желілердің қауіпсіздігін сақтауға рұқсат етіледі.

Егер басқа да тыйым салулар туралы сөз қозғайтын болсақ, төлем жүйесінің операторы болып табылмайтын заңды тұлға, «өз атауында оның төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын көздейтін «төлем жүйесі» деген сөзді және одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ». Төлем жүйесінің операторы ретінде қызмет көрсетуге Ұлттық банк, банктер, банктің басқа да операцияларын жүргізетін ұйымдар, ақшаның пошталық аударымын жүзеге асырушы пошта операторлары, төлем жүргізуші ұйымдар, агенттер мен субагенттер ғана құқылы. Сонымен қатар төлем қызметін жеткізуші заң бойынша «Ұлттық банкпен белгiлеген, бір жыл ішіндегі көрсеткiштен кем емес мөлшерде, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын операторлар жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесінде» төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырса, оларды маңыздылар тізіміне енгізуіне болады. Тағы бір талап – «ҚР аумағында және шетелде төлем карточкаларын шығару және оларды қолдану барысында жүзеге асырылатын операциялар қызметін бір жыл ішінде қаржы реттеушілердің қойған көрсеткішінен кем емес мөлшерде» жеткізуші қамтамасыз етеді. Төлемдерді бір жыл ішінде, Ұлттық банк белгілеген көрсеткіш бойынша, электронды терминалдар және қашықтықтан жіберу жүйесі арқылы төлем карточкаларынсыз жүзеге асыру осы тізімге енетін қосымша талапқа жатады.

Заңда төлем ұйымдарының тізілімдерінің 10 негізі көрсетілген. Олардың арасында – жүйелі түрде ( күнтізбедегі 12 айдың ішінде үш және одан да көп рет) Ұлттық банкке төлем жүйелерінің қызметі туралы ақпарат таратпау, құжатқа енгізілетін, төлем ұйымдастыру кезіндегі есептік тіркеу туралы шешім қабылдағанда төлем жүйелері туралы тексерілмеген немесе жалған ақпарат жіберу де бар. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң талаптарын орындамау, тізілімге қосылған күннен бастап, күнтізбелік он екі ай ішінде, төлем ұйымының қызметін жүзеге асырмау немесе өзінің қызметін 6 ай ішінде тоқтатқаны үшін Ұлттық банктен «қызыл карточка» алуы мүмкін. Қызметін өз еркімен қайта ұйымдастыру жолымен (қосылу, бірігу, бөліну, белгілеу, қайта құру) тоқтату немессе тарату да тізілімдегі орнын жоғалтуға себепші болады.

Аталмыш заң бірінші ресми жариялануынан соң 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді. Соған қарамастан бірқатар нормалар күшіне кейін енетін есте сақтаған жөн. Атап айтқанда, 2-баптың 3-тармағы  2020 жылдың 16 желтоқсанында жүзеге асырылады. Бұл жерде банктерге және ҚР аймағында орналасқан резидент емес банктердің филиалдары үшін қойылған басты талаптарды, үш жылдан кейін орындау міндетті болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер