«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен»: Стандарттау жөніндегі ұлттық органды анықтау туралы шешімді Үкімет қабылдауы тиіс

2016 жылғы 12 Тамыз
11127 просмотров

ҰКП еліміздегі барлық кәсіпкерлерді «Стандарттау туралы» заң жобасын дайынауға қатысудан шет қалмай, белсенді түрде атсалысуға шақырып отыр

«Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаменті бизнес-қауымдастыққа бүгінде ҚР «Стандарттау туралы» заң жобасы әзірленіп жатқандығын хабарлайды. Аталған заң жобасы сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында өнімдер мен қызметтерге қатысты талаптарды бекітуге бағытталған.

Жалпы алғанда, «Техникалық реттеу туралы» заңынан стандарттау саласы жеке нормативтік-құқықтық акті ретінде бөлінуде.

ҚР ҰКП заңды қажет әрі дер кезінде қолға алынып отыр деп тауып, аталған заңдық реттеу ішкі және сыртқы нарықтағы отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға көмектеседі деп санайды.

Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді, алайда заң жобасының соңғы редакциясында бизнес тарапынан бұрынырақ келісілген жобадан айтарлықтай айырмашылық болғандықтан, түйткілді мәселелер тудырып отыр.

Осыған байланысты ҰКП алаңында заң жобасы бойынша тұжырымдамалық талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Оған 50-ден астам ұйым мен қауымдастықтар, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі пәні жобалаушылар ұсынып отырған жаңашылдық болды. Ол бойынша Стандарттау бойынша ұлттық орган құру көзделген. Стандарттарды әзірлеуді жоспарлау, бекіту мен қабылдау сияқты кәсіпкерлік қызметтерді жүргізу шарттарына тікелей әсер ететін мемлекеттік қызметтер Стандарттау жөніндегі ұлттық органға беріледі. Ол орган 5 жыл сайын конкурстық негізде анықталып отырады. Соған қарамастан, Ұлттық органды анықтау өлшемдері ме талаптары бекітілмеген.

Заң жобасының ережелеріне сай, Стандарттау жөніндегі орган құқықтық формасына қарамастан, байқау негізінде анықталған кез келген заңды тұлға бола алатындықтан, аталған жоба нормасы Ұлттық органның ұлттық стандарттарды әзірлеу мен қабылдаудың тиісті процестерін қамтамасыз ету мүмкіндігіне қатысты бизнестің күдігін тудырып отыр.

Жиынға қатысушылар стандарттау жөніндегі Ұлттық органды ел Үкіметі анықтауы тиіс деген шешім оңтайлырақ деген пікірге келді. Сонымен қатар ол мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастырылып, заңда оның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі айқын реттелуі тиіс. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган оның қызметінің барынша ашықтығы мен стандарттау жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы тиіс. Сондай-ақ оның қызметіндегі маңызды қағидалардың бірі барлық мүдделі тараптардан тең қашықтықта болуы тиіс.

Талқылау барысында мемлекеттің іргелі рәсімдер мен стандарттарды жоспарлау, әзірлеу және қабылдау жұмыстарын қоса алғанда, стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру тәртібін бекіту қажеттігіне байланысты мәселе де көтерілді. Жиынға қатысушылар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің рәсімдері мен қызмет ету қағидаларын реттеу қажеттігін бірауыздан қолдады.

Жалпы алғанда, кәсіпкерлер заң жобасының қайта қарауды талап ететіндігімен келісті. Алдымен, жобаны талқылау барысында айтылған тұжырымдамалық ескертпелер бойынша қайта қарау қажет әрі ондағы айтылғандар отандық бизнестің қажеттіліктеріне толықтай сай келмейді. Қазіргі редакциядағы заңды қабылдау бизнес субьектілері үшін қосымша әкімшілік кедергілер тудыру арқылы теріс салдарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Талқылау қорытындысы бойынша, бизнес-қауымдастық өкілдері жиында айтылған ұсыныстарды «Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментіне ұсынатын болды. Одан соң кәсіпкерлердің көзқарасы әзірлеушіге жіберіледі.

Сонымен қатар, бизнес-қауымдастық пен ҚР ҰКП өкілдері стандарттау жүйесін одан ары жетілдіру мақсатында жаң жобасы бойынша ары қарай да жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Осыған байланысты ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаменті еліміздегі барлық кәсіпкерлерден «Стандарттау туралы» заң жобасын әзірлеуден сырт қалмай, аталған жұмысқа белсенді атсалысуларын сұрап отыр.

Заң жобасының мазмұнымен мына жерден танысуға болады.

Заң жобасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды мына e-mail-ге жіберуге болады: t.yermekbayev@palata.kz  және  zh.sharipova@palata.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер