«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді қорғаушылар саны артты

2016 жылғы 05 Тамыз
- Жетісу облысы
9235 просмотров

Бизнес-омбудсмен институты таяуда ғана құрылғанымен, өзінің тиімділігін іс жүзінде көрсетіп үлгерді

Балқаш ауданының кәсіпкерлеріне Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі жайында әңгімеленді. Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің ережесін түсіндіруге арналған кездесу-жиында Ләззат Шыңғысбаева қатысушыларды бизнес-омбудсмен қызметінің пайда болу тарихымен және қазіргі жұмысымен таныстырды.

Естеріңізге сала кетер болсақ, 18-19 мамыр күндері Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Алматы облысында сапармен болғаны аян.

«Бизнес-омбудсмен институты жақында құрылды, алайда өзінің тиімділігін іс жүзінде көрсетіп үлгерді. Мәселен, жұмыс барысымен кездесуде жеке қабылдау ұйымдастырылып, уәкіл 13 кәсіпкерді қабылдаған болатын. Олар өтініш білдірген соң әрі Болат Палымбетовтің ықпал етуінің арқасында түйткілді мәселелер оң шешімін тапты», - деді Л.Шыңғысбаева.

Кездесудің модераторы, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Бақыт Атайбеков бизнес-омбудсмен –  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау ісіндегі тағы бір мүмкіндік екенін айтып өтті.

«Бизнес-омбудсмен біз жергілікті деңгейде шеше алмайтын мәселелерге көмек көрсетеді. Кәсіпкерлермен және әкімдікпен кездесу барысында ол мәселелердің көпшілігін Астанаға жеткізбей-ақ, жергілікті жерлерде, өңірлерде шешуге болатынын айтқан еді. Бизнес-омбудсмен институты идеясының өзі мемлекеттің бизнестің мәселесін шешуге мүдделі екендігінен хабардар етеді. Әрі мұндай құралдарды тиімді пайдалана білу қажет», - деп атап өтті Б.Атайбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер