«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Astana» ӘКК өз үлесін сатпақшы

2016 жылғы 21 Шілде
8124 просмотров

Электрондық саудаға «Целинсельмаш Астана» ЖШС 100% жарғылық капиталы қойылады

Сауда 2016 жылдың 28 шілдесінде Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де мемлекеттік меншік реестрінің www.gosreestr.kz веб-порталында басталады

«Целинсельмаш Астана» ЖШС өңірді дамытуға бағытталған индустриалды-инновациялық мақсаттағы өндірістік-шаруашылық қызметпен шұғылданады. Индустриалды парктер, технопарктер, өндірістік аймақтарды ашып, соларға жаңадан инвестиция тартып, өңірдің индустриалды қызметпен қамтамасыз ету үшін және инфрақұрылымды дамыту мақсатында өндірістік-шаруашылық жұмыстарын жүргізіп келді.

Оған қоса компания өңірдегі кәсіпкерлікті индустриалды парктер аймағына инвестициялық жобалар тарту арқылы материалды-техникалық тұрғыда қамтып және кеңес беру арқылы қолдайды. Индустриалды парктерді дамытудың механизмдерін ойлап табады. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің де мүмкіндіктерін пайдаланады. Жобаларға қатысу үшін, құрылыстарға үлес қосуы үшін, индустриалды парктер аймағында «бір терезе» ұстанымы бойынша өндірістік кәсіпорындарды ашуға қатысатын инвесторларға рұқсат қағаздарын реттеуге көмектеседі.

«Целинсельмаш Астана» кәсіпкерлерге ғылыми-техникалық жаңалықтарын патенттеуге, оларды бағалауға, ойлап табылған құрылғыны зерттеуге, сынақ жасауға, инновациялық технологияларды енгізуге қол ұшын созады.

Аталған ЖШС оқулықтар мен алдыңғы қатарлы технология, жаңа білім мен біліктілікті «қолдан қолға» ұстанымы бойынша беретін ғылыми-зерттеу орталықтарын ұйымдастырумен айналысады. Инвесторларға өнімнің сапа менеджменті, стандарты, сертификаты жүйесін ұйымдастыруға септеседі. Бәсекеге қабілетті болатын, кластерлік мақсатты қолдана отырып өндірісті дамыту үшін басталған инвестициялық жобаларға мониторинг пен талдау жасайды. Өңірде шығарлытаны өнімдердің көрме-тұсаукесерін жасайды, көрмеге шығарып саудалайды. Өндіріс саласындағы үдерістерді, кәсіпкерлік технологияны, маркетинг пен арнаулы тақырыптарды зерттейді.

Бағаланған құны: 633 051 000 теңге

Тәсілі: көтермелеуге бағытталған электронды аукцион

Бастапқы құны: 633 051 000 теңге

Электронды аукцион туралы қосымша сұрақтарды мына сайттан қарауға болады www.gosreestr.kz немесе мына телефондарға хабарласыңыз: 8 (7172) 55-29-81 («ИУЦ» АҚ) және  8 (7172) 55-29-51 («Astana» ӘКК» ҰК» АҚ).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер