«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Онлайн-сауданы игермек

2016 жылғы 20 Шілде
8745 просмотров

Қазақстанда отандық өндіріс тауарларын сататын интернет-дүкен ашылады 

Тауар өндірушілер  мен кәсіпкерлер қауымдастығы «Қазақстанда жасалған» белгісі бар өнімдерді онлайн жүйе арқылы сатуды дамытпақ.  

«Басты міндет – өндірушілерімізге өз өнімдерін сатуға және саудалауға мүмкіндік беру. Көбіне тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімі сатылады», – деді брифинг соңында palata.kz тілшісіне берген сұхбатында Қауымдастықтың атқарушы директоры Талғат Асылбаев.

Жалпы алғанда, интернет-дүкен каталогында 10 санатқа бөліп сату көзделген, оның ішінде жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарлары көбірек болады деп жоспарлануда. Онлайн-дүкеннің басты артықшылығы сауда орындарындағы бағалардан төмен бағада сатады.

Талғат Асылбаев отандық тауар өндірушілер үшін тіркеу және сервисті пайдалану мүлдем тегін деп сендірді. Алайда қатысушыларға арналған белгілі бір ережелерді аттап өтуге де болмайды. Бұл жерде әңгіме компания мен кәсіпорындардың қолында болуға тиісті тауар сертификаттары туралы. «Тауардың тегін растайтын СТ-KZ сертификатын ұсыну міндетті. Сонымен қатар кәсіпорында еңбек ететін Қазақстан азаматтары барлық еңбеккерлердің 75%-ын құрауы тиіс», – дейді ол.

Интернет-дүкен биыл жазда ашылмақ, нақты мерзімі мен сауда алаңының атауы қосымша хабарланады. Интерфейс тілі бастапқыда орысша болады, сонан соң қазақ-ағылшын тілді нұсқалар қосылады.

«Бюджет бойынша (интернет-дүкеннің - авт.) жауап беруге әзірше дайын емеспін, өйткені барлық сметалық есептер енді жасалып жатыр», – дейді Т.Асылбаев.

Қауымдастық бұл жоба табысты болып, елімізді түгел қамтуы мүмкін деп үміттенеді.

«Болашақ – интернет саудасында, қазір елдің бәрі гаджеттерді қолданады, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ тапсырыстар береді. Өндірушілердің жаңа нарықтар мен жаңа тұтынушылар табатын мүмкіндігі бар», – деп түйіндейді  Талғат Асылбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер