«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Президенті Жер кодексін тоқтата тұру туралы заңға қол қойды

2016 жылғы 30 Маусым
9662 просмотров

Бірқатар баптарды қолдану 2017 жылға дейін тоқтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің бірқатар нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы » Заңға қол қойды.

Еске салсақ, 2016 жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» № 248 Жарлығын шығарған болатын.

Сәйкесінше, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін, заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді де тоқтатты. Сонымен бірге, Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы да тоқтатылды, осылайша, 2016 жылдың соңына дейін ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен бірге шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға жалға берілмейтін болды. Сондай-ақ, мемлекеттің меншігіндегі ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге де меншік құқығы берілмейтін болып шешілді.

Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығына сәйкес, Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылып, оны бастапқыда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқарғанын айта кетейік. Бүгінде комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов басшылық етеді. Апта сайын Астанада Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен отырыстар өтіп тұрды, кейіннен Комиссия отырыстары облыстарда өтетін болып шешіліп, онда жер заңнамасына қатысты түсіндірмелер мен мәселелер талқыға салынуда.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер