«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық компания еншісін бөледі

2016 жылғы 28 Маусым
8237 просмотров

Қазатомөнеркәсіп 3 еншілес кәсіпорнын сатуға қойды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ «Қазатомөнеркәсіп-Сорбент» ЖШС-дағы 51%, «Қазпероксид» ЖШС-дағы – 50% және «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-дағы – 100% жарғылық үлесін сату үшін электрондық аукцион жүргізетінін хабарлайды.

Еншілес және тәуелді ұйымдарды сату Бизнесті транформациялау бағдарламасы аясында, компанияның құнын өсіру мақсатында қайта құрылымдау және профильді емес активтерді құрамнан шығару жолымен өткізіледі. Сату туралы хабарламалар www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталына жарияланған. Сатылым «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік құқығында тиесілі ұйымдардың активтерін өткізуінің, қайта құрылымдауының бірыңғай қағидаларына және  Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ компанияның корпоративтік құрылымын үйлестіру және профильді емес активтерді құрамнан шығару жұмыстарын бірінші рет жүргізіп жатқан жоқ. 2013-2016 жылдар аралығында Ұлттық атом компаниясы еншілес кәсіпорындардың санын 29 бірлікке азайтқанын атап айту керек. 

Жалпы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ 2015-2017 жылдарға активтерді қайта құрылымдау бойынша жоспарын» іске асыру нәтижесінде, компания еншілес және тәуелді ұйымдардың санын 83-тен 40-қа дейін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл шаралар Қазатомөнеркәсіпке уран өндіру және ядролық-отын циклінің түйіндерін дамыту бойынша негізгі қызметтерге бағдарлануға көмектеседі.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер