«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандықтар тамаққа кететін шығынды үнемдей бастады

2015 жылғы 13 Қазан
8810 просмотров

Азық-түлік тауарларының сатылуы 2014 жылғы 9,3%-дан 2015 жылы 0,8% дейін төмендеген

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитеті берген деректер бойынша, Қазақстанда өткен жылғы осындай кезеңге қарағанда 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауданың физикалық көлемінің өсуі бар-жоғы 2,8% құраған. Осы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 5% артық көтерілмеген, ал былтырғы жылғы кезеңдердің бірінде ғана 8,4%-ға дейін түсіп, сенімді түрде 10%-дан жоғары тұрған еді.

«Негізгі соққыны сауда кәсіпорындары сезініп отыр. Олар бойынша ресми статистика бар-жоғы 0,4% өсімді көрсетті. Жеке кәсіпкерлер мен базарлар өсімнің 6% көрсеткішімен (былтырғы жылы 7,1% құраған) біршама сенімді. Сандар тілін бизнес тіліне ауыстырар болсақ, тұтынушылар азырақ сатып алып, ірі форматтардан шағын дүкендер мен базарларға ауыса бастаған», - деп хабарлады «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сауда комитеті хатшылығының хатшысы Жібек Әжібаева.

Сөйтіп, оның сөзінше, бөлшек сауданың физикалық көлемі индексінің негізгі төмендеуі азық-түлік тауарлары санатында орын алған – былтырғы жылғы 9,3%-дан 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында 0,8%-ға дейін. Тағамдық емес тауарлар санатында әлі де 3,7% деңгейіндегі өсім байқалады, алайда бұл бәрібір былтырғы 10,8%-дан әлдеқайда төмен.

«Сатып алушылар бірінші кезекте аса қажет емес тауарларға кететін шығындарды қысқартқан. Nielsen Kazakhstan FMCG Report есебінің деректері бұл тенденцияны растайды: соңғы жылдағы сату динамикасы бойынша теріс аймаққа шоколад өнімдері, снэктер, тұрмыстық химия заттары кеткен», - дейді Жібек Әжібаева.

Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тұтынушылар сонымен бірге әркелкі қимылдайды. Өсімнің ең төменгі қарқынын Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетіп отыр. Аталмыш өңірлердің бір бөлігі Қазақстандағы бөлшек саудаға әсерін тигізуді жалғастырып келе жатқан Ресеймен шекараласады.

Келесі сандар орын алып жатқан ахуалдың көлемін анық көрсетеді. 2014 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы бөлшек сауда айналымы - 3656,3 млрд. теңге; айырбастау орындарының рубльді сатуы –104 млрд. теңгеге (ҚР ҰБ айлық орташа айырбастау бағамы бойынша қайта есептегенде), яғни бөлшек тауар айналымынан шартты түрде 6%. 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында да сол сандар: бөлшек сауда айналымы – 3877,2 млрд. теңге; рубль сатылымы – 297 млрд. теңгеге, немесе айналымнан шартты түрде 17%.

«Рубльді қазақстандық тұрғындардың резервтік валюта ретінде қолдануы екіталай. Мәселе Қазақстанның бөлшек сауданы Ресей пайдасына жоғалтып жатқанында болуы мүмкін», - деп атады ҰКП сауда хатшылығының өкілі.

Жібек Әжібаева қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің түсіп бара жатқанын, Ресейге тауарлар экспортының төмендеп жатқанын баса көрсетті. Оның үстіне, ресейлік өндірушілер қазақстандық нарықтан отандық өнімді ығыстыруда. «Қазақстандықтар мүмкіндікті пайдалана отырып, ресейлік тауарларды сатып алуға ауысуда немесе Ресейге сауда жасауға барады. Бұл, сандар көрсетіп отырғандай, қазақстандық нарық жағдаятына кері әсерін тигізуде», - деп жалғады сөзін ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер