«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана гипермаркетінде шымкенттік экологиялық таза өнімдер сатылуда

2016 жылғы 24 Маусым
14152 просмотров

«Атамекен» ҰКП ОҚО кәсіпкеріне Астана нарығына шығуға көмектесті

«Аманкелді» ЖШС корпорациясының құрылтайшысы Нұрлан Құралов жүзім шаруашылығымен және бағбаншылықпен табысты айналысып келеді. Бизнесменнің иелігіндегі жердің 160 гектарын жүзім ағаштары алып жатса, 500 гектарына алма ағашы егілген. Бақта олармен бірге алмұрт, қара өрік сияқты басқа да жемістер өсіріледі.

«Біз қазір Алматы қаласымен өте жақсы жұмыс істеудеміз, ол жаққа жоғары сұранысқа ие «Аман экоөнім» брендімен өнім жеткіземіз. Астананың базарларына да шыққымыз келеді. Екі апта бұрын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық өнідірушілердің сауда желілерінің иелерімен кездесуін өткізді. Сол жақта байланысты жолға қоя алдық, енді бүгін өніміміздің алғашқы легі «КеңМарт» гипермаркетіне жеткізілді. Одан кейінгі жоспарымызда «Анвар», «Galmart» және «Smаll» сауда желілері», – деп мәлімдеді Құралов.

Кәсіпкер әр қазақстандықтың дастарханында пайдалы табиғи өнімдердің – отандық жеміс-жидектердің тұрғанын қалайды. «Біз өнімдерімізді бірден жеміс алқабынан жеткізгіміз келеді. Кеше үзіліп алынған жемістің бүгін сөрелерден табылса екен дейміз. Біз делдалдарсыз жұмыс істегіміз келеді. Қазір алғашқы қадамдар жасалды. Бұрын делдалдар арқылы жұмыс істеуге тура келетін. Сондықтан біздің өніміміз Ресейге кететін», – дейді ол.

Бағбанның жеміс алқабында соңғы үлгідегі 2 мың тоннаға шақталған тоңазытқыш бар. Онда газдық орта реттеліп, ультракүлгінді өңдеуден өткізіледі. «Сондықтан біз сауда желілерімен әріптестік туралы келісімге келіп, жемістерді қысы-жазы бір бағада жеткізе аламыз», – деп мәлімдеді Құралов.

Айта кетерлігі, ел нарығындағы отандық өнімдердің үлесін арттыру үшін 23 маусым күні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірқатар ірі сауда-логистикалық орталықтармен меморандумға қол қойған еді. Осылайша, отандық шағын және орта бизнесті қолдау саласында дүкендермен өзара пайдалы әріптестік құруға қол жеткізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер