«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәулігіне – 10 тонна сүт өнімі

2016 жылғы 23 Маусым
- Павлодар облысы
14889 просмотров

Кез келген кәсіпорынның жан-жақты болуы оны табысқа жеткізеді 

Бұған жақсы бизнес-идеяны, кәсіпкердің ынтымақтасқан жұмысын, сондай-ақ мемлекеттің қолдауын жатқызуға болады.

Павлодардағы «Best milk» ЖШС сүт өңдеу кәсіпорны осындай  қамқорлықтың арқасында қадамын нық басып келеді және болашаққа  жоспар құруда.

Кәсіпорнында тәулігіне шамамен 10 тонна сүт өнімі  шығарылады. Олар – сүт, ірімшік, қышқыл сүт өнімі, құрт, ірімшіктің бірнеше түрі, сары май.

Жас кәсіпорынға аяғынан тік тұрып кету оңайға соқпады, зауыт өнімнің  небары бір түрін өндірді. Қазіргі уақытта өнім қатары 60-қа дейін жеткен.

Зауытқа алғашқы кезеңде «Бизнестің жол картасы-2020»  бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жәрдемдескенін айта кеткен жөн. 

Сүт облыстағы шаруа қожалықтарынан сатып алынады. Шикізат жеткізу мәселесінде сүт зауыты үшін де, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін де өткен жылдың соңында қабылданған «Кооперация туралы» заң жақсы көмекші болды. 

Көбіне ірі зауыттар жеткізудің қажетті көлемін қамтамасыз ете алатын, ауыл шаруашылығы өнімімен тұрақты жабдықтаушылар/өнім берушілер іздейді.  Ал бұл жерде сүт өңдеушілерде кооперативпен келісімшарт жасасып, жыл бойы қажетті шикізат алу мүмкіндігі пайда болды.

Зауыт өнімі өңірде жақсы сұранысқа ие, Қазақстан астанасына жеткізу жолға қойылған. Болашақта өндірістік қуаттылықты ұлғайтып, сонымен бірге сатылым нарығын кеңейту жоспарлануда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер