«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандық таңдаудың да мәнісі бар

2016 жылғы 22 Маусым
10720 просмотров

Елдегі білім алушыларды кәсіби бағдарлау үшін білім мекемелері мен өндірістік құрылымдар бірігу қажет 

«Атамекен» конференциясына қатысушылар кәсіби бағдар беру жұмысында бірыңғай әдіс құру мәселесін талқылады және мақұлдады

«Атамекен» Ұлттық  кәсіпкерлер паласы алаңында  ҚР кәсіби бағдар беру әдістерін теориялық және тәжірибе жүзінде қолдануға жауапты ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері  кездесті.

ҰКП Адам капиталын дамыту департаменті директоры Олжас Ордабаев іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде бір жағынан, Қазақстанда жұмыссыздық мәселесі барын жеткізіп, ал екінші жағынан, көптеген жұмыс берушілердің  кадр іздеп жүргенін айтты.

Ұлттық палата өкілі мұндай теңсіздік себептерінің бірі жүйелі, тиімді кәсіби бағдар беру үлгісінің жоқ болуында деп санайды. Оқушылардың  табиғи қабілеттерін анықтауға және оны сұранысқа ие мамандықтарға бағыттау, білім үдерісінің  бір бөлігі болып саналатын кәсіптік бағдар беру еліміздегі еңбек ресурстарын өнімді пайдаланудың негізі болып табылады.

«Біз бірнеше рет үлкен кәсіпорындарға арналған еңбеккерлерді, кәдімгі мамандық, мәселен, тігінші іздедік. Осындай қарапайым мамандық бойынша да адам жинау қиын», – дейді  ол.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті бас сарапшысы Гүлсила Мұздыбекова мамандықты, мүмкіндікті және келешекті  саналы түрде таңдауды қалыптастыру мақсатымен үлкен сыныптар бағдарламасында  оқушыларды кәсіби бағыттау бойынша сағаттар қарастырылатындығын айтты.

«Нұр Бағдар» кәсіби бағдарлық тестілеу және кеңес беру орталығы директоры Айша Сабур өз сөзінде Қазақстанда кәсіби бағдардың маңыздылығын түсіну бар, бірақ бұл жұмыста бірыңғай әдіс жоқ екендігін жеткізді. «Барлық мүдделі ведомстволар, құрылымдық бөлімшелер, компаниялар бұл жұмысты өз көзқарасы тұрғысынан жүргізуде. Бірыңғай келісілген стратегия жоқ. Біз барлық мүдделі стейкхолдер – министрлік  және  ведомство өкілдерінің қатысуымен, ҚР кәсіби бағдар беру жөніндегі бірыңғай орган құру мүмкіндігін ұсынар едік», – деген ұсыныс айтты ол.  «Орган елдегі кәсіби бағдарды бірыңғай сипаттау және дамыту стратегиясын жасап шығаруды,  сонымен қатар стейкхолдер – қатысушылар арасындағы міндеттерді бөлуді өзіне қамтамасыз еді»,– деп түсінік берді ол.  

А.Сабурдың айтуынша, елде білім және еңбек нарығы арасында қарама-қайшылық бар. «Өкінішке орай, кейбір мамандық иелері өте көптеп шығарылады, олар өз орнын таба алмайды, не болмаса кейбір мамандық кадрлары жеткіліксіз. Ал бізде білім алу мүлдем мүмкін емес мамандықтар да бар. Сонымен қатар жұмыс беруші мен білім жүйесі арасында да үлкен алшақтық бар, не болмаса кадр жетіспейді, не болмаса оларға мотивация жоқ,  өйткені дұрыс іріктелмеген, диплом алған, бірақ бұл мамандық бойынша жұмыс істегісі келмейді. Не болмаса олар жұмыс істейді, бірақ жұмыс орнында бара салып, тезірек кеткісі келеді», – деді ол.  

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының консалтинг басқармасының   бас сарапшысы Әлия Сәрсекеева кәсіби бағдар беру жұмысында жастар саясатының институттарының маңызды рөлі жайлы әңгімеледі. Спикер оқушыларға бағдар беру  және диагностика барысында жастар ұйымдарымен, мектептермен және колледждермен өзара тығыз жұмыс жасауға шақырды.     

«Нұр Бағдар» ЖШС әкімшілік директоры Жанар Мамбеева, осы заманғы мамандықтарды 9-10 сынып оқушыларға жүргізілген әлеуметтік зерттеу материалдарымен таныстырды. «Кәсіптік бағдар дегеніміз – оқушыларды кәсіпорынмен, мамандықтармен таныстыру ғана емес, бұл одан да терең, кәсіби диагностикаға, табиғи қабілетті анықтауға, тағы басқаларға  байланысты  мәселе», – деді ол.  

Мектеп оқушыларымен қатар, ересек жұмыссыз халықты да кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыруда білім мекемелері, мемлекеттік және өндірістік құрылымдардың күш-жігерін біріктіру қажеттілігі конференцияда көтерілген басты тақырыптардың бірі болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер