«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қуаттың» мүлкіне кім ие?

2016 жылғы 21 Маусым
- Алматы қаласы
11177 просмотров

Дау-жанжалмен аты шыққан «Қуат» корпорациясының артында қалған мүліктердің жаңа қожайындары Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі кеңесте өз проблемаларымен бөлісті

«Қуат» құрылыс фирмасының бұрынғы басшысы Олег Намның қамауға алынуы және оның дүние-мүлкінің тәркіленуі борышкердің мүлкін заңды тәртіппен сауда-саттықта жеңіп алған 23 қазақстандық компанияға қалай әсер етті? Неліктен бұл кәсіпкерлер сату-сатып алу және тапсыру-қабылдау актілерін рәсімдесе де, әлі күнге дейін өздерінің жоғарыда аталған мүлікті иелену, пайдалану және басқаруға қатысты конституциялық құқықтарын пайдалана алмай отыр?

Осы сұрақтар Алматыда өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында басты назарда болды.

«Зинат риэлти»  ЖШС және «Есембекова Ж.М.» ЖК Кәсіпкерлер палатасына келіп, «KUAT корпорациясы» АҚ мүлкін (дәлірек айтқанда – мына мекенжайлардағы жер телімдерін: Алматы қ., Прокофьев көшесі, 211, 214; Розыбакиев к-сі, 11;  Шәкәрім к-сі, №30; Шәкәрім көшесі, №32«А»; Тұрғұт Озал №170«А»; Тұрғұт Озал, №170/32) екі жыл бұрын электронды сауда-саттықта сатып алса да, әлі күнге дейін меншік құқықтарын рәсімдей алмай жүргендерін мәлімдеді. Соның салдарынан олар сатып алған мүліктерін пайдаланып, басқара алмай отыр. Тіркеуші органдарда мұны бұған дейін құрылыс компаниясының мүліктеріне уәкілетті органдардың, соның ішінде ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тыйым салғандығымен түсіндіріп отыр.

Сот орындаушыларымен сатып алу-сату келісімшартын рәсімдеген жаңа қожайындар сотқа жүгінді. Алматының Алмалы аудандық сотында «Зинат риэлти» ЖШС бастапқыда процесті жеңіп алды (мүлікке тыйым салудан босату туралы шешім шығарылды), ал содан кейін жеңіліп қалды – Алматы қ. Алмалы ауданы прокурорының наразылығы бойынша, сондай-ақ Орал қ. Мемлекеттік кіріс басқармасының апелляциялық шағымы бойынша. Осыдан кейін «Зинат риэлти» ЖШС-нің талап-арызын қанағаттандыруға барлық қалған сот инстанцияларында бас тартылды.

Іс материалдарынан:

«Сот қаулысында Алматы қ. Медеу аудандық сотының 19.07.2012 ж. үкімімен сотталушылар  – «KUAT корпорациясы» АҚ басшылары О.Нам мен М.Дмитриев ҚР ҚК 182 бабы 2 бөлімінің «б» тармағы бойынша кінәлі деп танылады және оларға мүлкін тәркілеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Алматы қ. Медеу аудандық сотының 19.07.2012 ж. үкіміне қарағанда, «2009 жылдың мамыр айында KUAT корпорациясының басшылығы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның және Алматы әкімдігінің және «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның араласуымен меморандум жасау бастамасын көтереді, оның шарттары бойынша әлеуметтік шиеленісті жою және Алматы қаласындағы KUAT корпорациясы объектілерінің құрылысын («Сайран» тұрғын үй кешенінің 2-ші, 20-шы, 29-шы, 42-ші және 46-шы орамдары) аяқтау мақсатында «Global Building Contract» ЖШС жобалық компаниясына аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері және құрылыс материалдары түріндегі жалпы сомасы 27 723 999 801 теңгеден асатын активтер берілген».

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімінің бастығы Салтанат Лесбаева мәлімдегендей, «Қазіргі уақытта «Зинат риэлти» ЖШС жоғарыда аталған мән-жайларға байланысты меншік құқығын тіркей алмай отыр, ал «Зинат риэлти» ЖШС мен сот орындаушысының арасында жасалған сатып алу-сату келісімшарты, ҚР-ның «Атқарушылық іс жүргізу  және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңы талаптарына сәйкес олардың мемлекеттік органдарда алған мүліктеріне меншік құқығын тіркеуге негіз болып табылады».

Кеңес мүшелері мынадай қарар қабылдады: «Зинат Риэлти» ЖШС, «Есембеков Ж.М.» ЖК мүддесіне орай Алматы қ. прокуратурасына сот және басқа мемлекеттік органдардың іс-қимылының заңдылығын тексеру үшін өтініш жолдау және аталған мәселе бойынша қалалық әділет, мемлекеттік кіріс департаментері өкілдерінің, сондай-ақ прокуратураның қатысуымен жұмысшы отырысын өткізу.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің отырысында «Рlatus.kz» ЖШС-не қатысты Алматы қ. МКД басқармалары лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттері туралы да проблемалық мәселелер қаралды.

«Рlatus.kz» ЖШС мүддесіне орай өтініштерді прокуратуға жолдау туралы, жалған кәсіпорын деп танылған заңды тұлғаның кәсіпкер-контрагенттерінің құқықтарының бұзылуы туралы шешім қабылданды, аталған мәселеде «Атамекен» ҚР ҰКП-на ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш жолданатын болып шешілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер