«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Киіз басу ісі қайта жаңғырды

2016 жылғы 21 Маусым
- Павлодар облысы
13642 просмотров

Шарбақты ауылының кәсіпкері ежелгі киіз басу дәстүрін жаңғыртпаққа бел буды

Киіздің не екенін білмейтін адам жоқ шығар. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы оны даярлаудың таңғажайып технологияларын пайдаланып, жүннің жұмсақтық, жылылық, созылғыш және төзімділік секілді табиғи қасиеттерін орынды пайдалана білген.

Киім және аяқ-киім өндірісінде синтетикалық біртипті материалдардың дәуірі жүріп тұрған қазіргі кезде табиғи материалдар күн өткен сайын тұрғындар арасында сұранысқа ие. Олар қауіпсіз, теріге жағымды, суық күндері бойды жылытады.

Шарбақты ауылының кәсіпкері киіз басудың ежелгі дәстүрін қайта жаңғыртуды қолға алмақшы. «Киіз шексіз мүмкіндіктерге ие. Бұл үлкен артықшылықтарға ие экологиялық таза материал. Медицинада киізден жасалған бұйымдар адам денсаулығы үшін пайдалы екені дәлелденген. Мәселен, Еуропада табиғи материалдардан жасалған бұйымдар сұранысқа ие», – дейді Галина Воронкова.

Бизнес-идеяны жүзеге асыруға бастаушы кәсіпкер әйелге Палатаның аудандық филиалы көмекке келді. Галина «Бизнес-кеңесші» курсынан өтіп, артынша «Золотое руно» ЖК ашқан. ЖК киім, аяқ-киім, кәдесыйлар, киізден жасалған бұйымдар жасаумен айналысады.

«Киізден жасалған бұйымдар көркем және тұрмыстық аспектіде үлкен әлеуетке ие, сонымен бірге кіріс көзі және, әсіресе, ауылдық жерлерде өзін өзі жұмыспен қамту құралы бола алады», – дейді Палатаның Шарбақты филиалының директоры Санат Астаев.

Өнім аудан бойынша үлкен сұранысқа ие, шебер жақын арада өндірісі мен өткізу нарығын кеңейтуді ойлап отыр. Бастаушы бизнесвуменнің жоспарында өзбек, қырғыз, иран, түрік, қытай және ресей өндірістеріне бәсекелес болу.

«Бүгінгі күні Шарбақты ауданында бизнесті дамыту және қолдауға арналған оңтайлы жағдайлар жасалғанын айта кету керек, Кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс жасауда, сервистік қызметтер көрсетіліп, мемлекеттік бағдарламалар іске асуда. Міне, осының бәрі ауыл тұрғындарының арасында кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге мүмкіндік бермек», – дейді Палата филиалындағылар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер