«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік органдардың жиі жүргізген тексерістері кәсіпорын жұмысына тосқауыл болып отыр

2016 жылғы 17 Маусым
7784 просмотров

Павлодарлық кәсіпкер Премьер-Министрге саны көп тексерістер мен бизнестің өзге де проблемалары туралы айтып берді

«Атамекен» ҚР ҰКП III Съезінде сөз алған Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшесі, «Делика» ЖШС директоры Игорь Веретнев мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін тексерістер кәсіпкерлік қоғамдастық үшін аса өзекті мәселе болып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда бақылау және қадағалау қызметін 61 ведомство атқарады. Құқықтық статистика органдарының деректеріне сүйенсек, 2015 жылы бақылау органдары 54 мың кәсіпкерлік субъектісін тексерістен өткізген. Ең көп тексеріс жүргізетін салықтық қызмет органдары екен, олар 27330 тексеріс өткізіп, оның 92%-ы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болған. Ал 42%-ында заң бұзу деректері анықталған.

«Бұл тұста шағын кәсіпкерлік субъектілері тіпті тәуекелдік дәрежесі бойынша бөлінбеген, олар тәуекелшіл ретінде белгіленбеген. Кәсіпкерлік қызметке кері әсерін тигізіп отырған тағы бір жайт, тексерістердің жалғаса беруі, тоқтап, қайта басталатыны. Бұл іс жүзінде белсенді жүзеге асуда. Оған қоса, бір хронометражды тексеріске шамамен 20-ға тарта тексеруші қатысады, бір тексеріске осыншама адамның қатысуы кәсіпорын қызметіне тосқауыл болуы мүмкін», – деді ол.

Бизнесменнің айтуынша, мұндай тәжірибе Кәсіпкерлік кодекстегі салықтық органдарға қойылатын шектеулер себебінен болып отыр. Салықтық органдардың мұндай «айрықша» өкілеттіктері әкімшілік кедергілер тудырып, бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді. «Осыған байланысты, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, Сізден салықтық тексерістерді тексеріс жүргізудің жалпы тәртібіне жатқызу жөніндегі мәселелерді шешуде көмек сұраймыз», – деді ол. Кәсіпкер, сонымен бірге, жалған кәсіпкерлік үшін жауапкершілікке тарту мәселесін де ортаға салды. Оның айтуынша, бүгінгі күні адал ниетті кәсіпорындар мен жалған кәсіпкерлермен өзара қатынасының қазыналық проблемалары бойынша да қиын жағдай орын алып отыр. «Мәселенің мәні мынада: жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша қылмыстық процесс барысындағы тергеу жұмыстарының әділ әрі толық өтуі тұрғысынан заңнама талаптары орындалмайды. Нәтижесінде, адал ниетті кәсіпкерлер қосымша салықтар, айыппұлдар мен өсімпұлдар төлейді; заңды тұлғаларды (жалған кәсіпорындар) тіркеуді болдырмау дұрыс орындалмайды, контрагенттермен жасалған барлық келісімдер жарамсыз деп танылып, контрагенттерге қосымша сома жүктеледі», – деп түсіндірді ол.

Веретневтің айтуынша, кәсіпкерлер дауларды сотқа дейін реттеу механизміне наразы, себебі тәуелсіз қарау мен ашықтықты қамтамасыз етпейді. Ол, сонымен бірге, мемлекеттік кіріс органдары шешімдерінің көбі кәсіпкерлер пайдасына шешілмейтінін де айтты (2014 жылы кәсіпкерлер пайдасына шағымдардың 24%-ы ғана шешілген).

Осыған байланысты, Қаржы министрлігі жанынан Салықтық кодексте жазылған өкілеттігі бар тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру арқылы салықтық және кедендік мәселелер жөніндегі шағымдарды қарайтын апелляциялық орган құру ұсынылды. Кәсіпкерлерден келіп түсетін шағымдардың артуына назар аудара отырып, министрліктер жанынан да осыған ұқсас экологиялық бақылау мен санэпидбақылау актілеріне апелляциялық шағым түсіру механизмін енгізу ұсынысы айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер