«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскер әйелдер кеңесі іске кірісті

2016 жылғы 17 Маусым
- Ақмола облысы
12378 просмотров

Көкшетауда «Алғыс үшін» дүкені өз жұмысын бастады

«Әлі ашылғанын ресми жариялай қоймасақ та, көмек көрсетуге ниет білдірушілер үздіксіз келіп жатыр», – деп мәлімдеді Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесінің кезекті отырысында «Загреева» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ферая Загреева.

Тұрмысы төмен, көп балалаы отбасыларға, жетім балаларға көмек беруге бағытталған әлеуметтік бастаманы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері ұсынған еді, ал оны Ферая Загреева жүзеге асырды. «Өзімнің ер жеткен балаларым, немерелерім бар, олардан әлі киюге жарайтын көп киімдер мен дүниелер қалады. Өмірлік қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек қолын созғың келеді», – дейді бизнесвумен.

Оның айтуынша, қалалықтар негізінен киімдер, балалар аяқ киімін, ойыншықтар әкеледі екен. Кейде заттаңбасы алынбаған жаңа заттарын да ала келетін көрінеді.

«Менен жиһаз, ыдыс-аяқ әкелуге бола ма деп жиі сұрайды. Болады. Ештеңе жарамсыз қалмайды. Дүкеннің мекен жайы: Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 227», – деп нақтылай түсті кәсіпкер.

Кеңес отырысы барысында қатысушылар түйткілді мәселелерін, жетістіктерін, болашаққа жоспарларын ортаға салды. Сонымен қатар, аудандық Іскер әйелдер кеңестерінің бірқатар төрайымдары таныстырылды.

Айта кетерлігі, жақында ғана өңірлік Кеңестің төрайымы да қайта сайланды. Бүгінде оны Көкаршын Бексұлтанова басқарып отыр. Консультативтік-кеңесшілік органның жаңа тағайындалған басшысы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін оны қалай құрылымдау керек екенін жақсы түсінеді.

«Кеңестің әр мүшесіне нақты міндеттер жүктеледі. Мәселен, қанша кеңес берулер, тренингтер өткізу қажет. Және әрқайсымыз тым құрығанда бір кәсіпкерге нақты, тәжірибелік көмек көрсетуіміз қажет, жеке бизнесін ұйымдастыруға ғана емес, оның дамуына да көмек беруіміз керек», – деді Көкаршын Бексұлтанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер