«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БЖЗҚ қаржысын қалай пайдаланған дұрыс?

2016 жылғы 16 Маусым
8800 просмотров

Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов зейнетақы жинақтарын инвестициялауға арналған нұсқаларды бірлесіп  іздестіруді ұсынды   

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржысын пайдалану үшін тың ұсыныстар қажет. Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы III съезі барысында бүгін  осындай ұсыныс айтты.  

«Сіздер зейнетақы қоры ақшасын пайдалануға қатысты өз көзқарастарыңызды  айттыңыздар, иә осындай мүмкіндік бар. Бұл мәселені шешуге түбегейлі бетбұрыс керек, меніңше, қайсыбір әкімшіліктен гөрі  нарықтық пайдалану әрдайым жақсырақ. Өкінішке орай, біз шешімді әкімшілік деңгейде қабылдаймыз, ал бұл ақша салымшылардың, зейнеткерлеріміздің ақшасы ғой, біздікі емес», – деп ескертті К.Мәсімов.

«Сіздердің бұның қалай жұмыс істейтіндігі жайлы ойларыңызды тыңдағым келеді. Бұл ақша бүгінгі таңда қалай пайдаланылуда, осыған дейін не болды,  әрі қарай қалай жылжимыз, зейнетақы қоры басшысына құлақ түрелік,  сонан соң ортақ ұсыныспен Елбасыға жүгінейік, сосын шешім қабылданады», – деп қосты  Премьер-Министр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер