«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: «Тексерулерді сауатты жүргізу бизнес тынысын ашады»

2016 жылғы 16 Маусым
8231 просмотров

«Атамекен» басшысы Үкіметті іскер топтарды қорғауға және елдегі тексерулер мен қадағалау органдарының санын қысқартуға шақырды

«Атамекен» ҚР ҰКП ІІІ Съезінде сөйлеген сөзінде, Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев «Атамекенді» орталық пен өңірлердегі бизнес пен билік арасында нақтылы сұхбат алаңына айналдыру үшін көп нәрсе істелгенін айтты.

«Бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шын мәнінде Үкіметтің тиімді әріптесіне айналды, кәсіпкерлікті дамыту және реттеу мәселелері онымен күнделікті негізде талқыланып отырады.  Мен, бүгінгі таңда «Атамекен», шынымен де, еліміздегі барлық кәсіпкерлердің мекеніне айналды деп ойлаймын», – деді «Атамекен» басшысы.

Ол түрлі ескертулерді қысқарту жөнінде Үкіметпен бірлескен тиімді жұмыс  жасалғанын атап өтті. Рұқсатнамалар мен ескертулерді қысқарту жөнінде заң қабылданды, соның нәтижесінде олардың саны 1115-тен 310-ға дейін қысқарды. Бүгінде егер шенеунік қандай да бір жаңа рұқсатнама немесе ескерту енгізгісі келсе, оған бүкіл тыңдаулардан, Үкіметтен және Парламенттің «сүзгісінен» өтуге тура келеді.

Тимур Құлыбаев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке қаратып, іскерлік топ өкілдерін қорғауды және елдегі тексерулер мен қадағалау органдарының санын қысқартуды ұсынды.

«Біз елімізде 61 бақылау және қадағалау органы бар екенін санап шықтық, олардың 45-і – орталық ведомстволар. Сұрақтардың басым көпшілігі салықтық тексерулерден туындайды. Осыған ұқсас сұрақтар құрылыс саласында да, экология бойынша да, санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, өрт қауіпсіздігі саласында да көп, яғни оларды жергілікті жерде шешу үшін  әрбір министрліктің жанынан орталық орган арқылы сотқа дейінгі апелляциялық комиссия құру қажет. Біз ірі жобаларды алмаймыз, олар орталық деңгейде қаралуы тиіс, ал біздің клиенттеріміз – бұл шағын және орта бизнес. Яғни, жергілікті жерлерде министрліктердің территориялық бөлімшелері құқыққа қайшы жұмыс жүргізсе, онда сотқа дейінгі тәртіппен министрлік деңгейінде, жұмысшы комиссиясы деңгейінде осы мәселелерді шешуге болады», – деп атап көрсетті Ұлттық палатаның Төралқа Төрағасы.

«Атамекеннің» статистикасына сәйкес, кәсіпкерлердің 12 мың өтінішінің 4800-і солардың пайдасына шешілген.  

«Бұл бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің 42%-ы құқыққа сай келмейді деген сөз. Біздің мемлекеттік қызметкерлердің деңгейі қандай екенін білесіздер ме?! Соның өзінде барлығы заң бойынша жұмыс істейді. Кәрім Қажымқанұлы, біз мемлекеттік органдармен бірлесіп осындай тексерулер жүргізуге рұқсат беретін заң жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан және тексеруден өткізуді сұраймыз, мен оларды қысқартуға болады деп ойлаймын. Санэпидемстанциялар бойынша кәсіпкер тамақтандыру орнында сақтауы тиіс 8 мың позиция бар. Үкімет мүшелері бізде тексерумен айналысатын 61 ведомствоны санап та үлгермейтін шығар деп ойлаймын. Біз егер ШОБ-ты түсінікті шарттармен, олар қамти алатын мәселелердің соңғы нәтижесі бойынша тексеретін болсақ, олардың өмірін жеңілдететінімізге сенімдімін. Үкіметтен бізді осы мәселеде қолдауды және заңнамаға өзгертулер енгізуді сұраймыз», – деп түйіндеді ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер