«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов «Атамекеннің» 2,5 жыл ішінде атқарған жұмыстарына есеп берді

2016 жылғы 16 Маусым
8377 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы ҰКП III Съезінде сөз сөйледі

«Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан аумағын, оның ішінде аудандарды, моноқалаларды қамтитын ҰКП құрылымы іс жүзінде қалыптасты. Орталық аппаратта 215 адам жұмыс жасайды, оның жұмысы оңтайландырған. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету және қолдау орталықтары барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында бар. Былтырдан бері әр аудан орталығында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылған. Іс жүзінде ҰКП барлық өңірлерде қызмет жасайды және кәсіпкерлікті қолдауға арналған толыққанды инфрақұрылымға ие», – деп хабарлады ҰКП Басқарма басшысы.

Мырзахметов атап өткеніндей, «Атамекеннің» басты қызметі – бұл бизнес пен билік арасында сұхбат орнату. «Бүгін біз сұхбат алаңы қалыптасты деп айта аламыз. Біз Қазақстанның барлық дерлік консультативтік-кеңес органдарында жұмыс жасаймыз. Сонымен бірге, біздің өкілдеріміз Еуразиялық экономикалық комиссияның барлық жұмыс органдарында отыр, қадағалау органдарына даму институттарын енгізу бойынша жұмыс басталып кетті», – деді ол.

Палатаның 2,5 жыл ішіндегі қызметін қорытындылай келе, ҰКП Басқарма төрағасы ұйым жұмысының басты бағыттарын атап өтті. «Былтырғы жылдың соңында ҰКП-ның ортамерзімдік кезеңге арналған стратегиясы бекітілді. Ол бойынша біз 5 стратегиялық бағыт бөліп, оларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бизнес-ортаны жетілдіру, қаржыға қолжетімділікті қамтамасыз ету, өткізу нарықтарының инфрақұрылымы, адам капиталын дамыту және бизнесті сервистік қолдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сонымен бірге, олардың қатарына өңірлердегі көкейтесті мәселелердің бірі саналатын тарифтерді бекіту мәселелері де қосылмақ», – деп мәлімдеді ол.

Абылай Мырзахметов Палата атқарған жұмыстың әр бағытына қысқаша тоқталып өтті. ҰКП қызметінің басты тармағы – бизнес құқықтарын қорғау бойынша 2,5 жыл ішінде «Атамекенге» 12 мыңнан астам шағым келіп түскен. Олардың 42%-ы оң шешім тауып, бизнестің 33 млрд-тан астам қаражаты үнемделіп қалған.

ҰКП Басқарма басшысының сөзіне сенсек, жер және қала құрылысына қатысты мәселелер келіп түскен барлық шағымдардың 20%-нан асады, екінші орынға салықтық мәселелер шықса, сатып алуларға қатысты мәселелер маңыздылығы жөнінен үшінші орынға жайғасқан.

Кәсіпкерлер палатасы бизнес-ортаны жетілдіруге қатысты белсенді жұмыс атқаруда. 2011 жылдан бастап ҰКП арқасында шағымдар саны 1115-тен 310-ға дейін азайған.

Қаржыға қолжетімділік, өткізу нарығының инфрақұрылымы, сатып алулар саласы – жұмыс істеуді қажет ететін мәселелердің бір парасы осылар.

«Мемлекеттік сатыпалулар туралы» заңның жаңа түзетілімі күшіне еніп қойды. Кәсіпкерлер көбінесе техникалық ерекшеліктерге қатысты шағым түсірген. Қазіргі таңда біз оларды алдын ала талқылау туралы норма енгіздік. Алдын ала біліктілікке іріктеу институты іске қосылды, онда жеке сертификат құралы арқылы адал ниетті отандық өндірушілерге жол ашылады. Мемлекеттік сатып алуларға келер болсақ, мұнда қатаң шарттар, мерзімі өткен төлем үшін айыппұл төлеу бар. Енді сәйкестік тепе-теңдігі іске қосылды. Егер уақытында төлемесе немесе бюджеттің тиісті әкімшісі өз міндеттемелерін орындамаса, онда оның кәсіпкерлер алдында жауапкершілігі болады», – деді Абылай Мырзахметов.

Мектептерде тамақтандыру саласындағы ұзақмерзімді шарттардың жақсы нәтижелері жоқ емес. Мемлекеттік сатып алулардан 100 млрд теңгеге тарта қаражат шығарылған. ҰКП арқасында отандық тауар өндірушілері ұлттық компаниялармен 410 млрд теңгеге 1000 ұзақмерзімді шарт жасасқан.

Адам капиталын дамыту мәселесі бойынша, Мырзахметовтың айтуынша, ҰКП заңнамалық түрде дуальды оқыту жүйесінің бекітілуіне қол жеткізген. «Оқу жоспарларындағы өндірістік тәжірибе 60%-ға дейін артқан. Бизнестің стандарттарды өз қажеттіліктеріне қарай өзгерту мүмкіндігі бар. 17,5 қатысушы бұл бағдарламаға мүдделі, 1000-нан астам шартқа қол қойылған», – деді ол.

Бизнесті сервисті қолдау мәселесі Ұлттық палатаға 2015 жылы тапсырылған және бір жыл ішінде «Атамекен» көрсетілген қызмет түрін үш есеге дейін арттыра білді. Кәсіпкерлер 10-12 мың кеңеске қол жеткізіп, 15 мың адам бизнес-мектептерде білім алды. Биыл ауқым артатын болады. Бұдан басқа, ҰКП өз күшін сатып алулардағы жергілікті құрамды арттыруға бағаттымақ. «Біз 4180 отандық тауар өндіруші кәсіпорыннан құралған реестр жасадық. Индустриалды сертификат арқылы біз кімнің қандай қуаттылыққа ие екенін анықтай аламыз», – деді ол.

Бүгінгі күні жұмыспен қамту мәселесі, әсіресе, бизнес алдындағы өзекті мәселе. «Былтырғы жылдың желтоқсан айында бізді Жұмыспен қамту жол картасына енгізу шешімі қабылданған. Біз нарықтың шынайы сұранысын анықтап, ол бойынша кәсіптік білім алу, одан кейін жұмысқа тұру мүмкін болады», – деді Басқарма басшысы.

Тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріндегі маңызды әрі тиімді құрамдас микронесиелеу болып саналады. Ол алты облыста іске қосылып, бүгінгі күні несиелер берілуде.

Заңдастыру мәселелеріне келгенде, Ұлттық палата бұл процесстің барынша ашықтығын қалайды. Барлық коммуналды республикалық жекеменшікті мемлекет иелігінен алу шеңберінде тексеру мәселесі көтерілген. Бизнес жағдайын ескере отырып, бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылуда.

Ауыл бизнесін дамыту. Былтырғы жылдың желтоқсан айында Палата Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе осы саладағы Жұмыс жоспарына қол қойған. «Қазір миллиард теңге бөлінуде. Барлық аудан орталықтарында агроқұзырет орталықтары құрылмақ. АӨК бойынша екінші бағыт – кооперациялар құру. Бүгінгі күні Палатаның қатысуымен барлығы 170-ке жуық ауылшаруашылық кооперативтер құрылған, олардың 75%-ы – мал шаруашылығында, 25%-ы – өсімдік шаруашылығында», – деді  Мырзахметов.

«Атамекен» басқармасының басшысы Палатаның жаңа жобасы – Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы туралы да айтты. Бұл карта қайсыбір өңірдің ерекшелігін анықтау, қандай әкімшілік бар екенін білу, ірі және орта кәсіпорындар тізімін жасау, сондай-ақ инвесторларды қызықтыратын жобалар пулын жасау секілді міндеттерді арқалайды. «Өңірлік даму картасы, басқаша айтқанда, жол сілтеуші болмақ. Бүгінде өңірлік карта сайтының қаралымы, оның ішінде шетелдік қаралымы 43 мыңға жеткен.

Ұлттық палата экспорттық және импорттық операцияларды жеңілдету мәселесі жөнінде Үкіметпен Бірлескен жоспар жасап, оған сәйкес құжаттар саны 2 есеге дерлік қысқарған.

Салықтар проблемалары бойынша Ұлттық палата соттан тыс жүйені енгізуді ұсынып отыр, бұл бизнестің салық қызметкерлерінің шешіміне сотқа дейін қарсы тұруға мүмкіндік бермек.

«ҰКП басқармасы әлі де жұмыс жасауды қажет ететін олқылықтар жетіп артылатынын біледі. Біз мұны түсініп отырмыз, біз ұсыныстар мен сындарды дұрыс қабылдаймыз және біздің басты міндетіміз – отандық бизнесті дамытуға қол жеткізу үшін өз жұмысымызды бұдан ары жетілдіруге дайынбыз», – деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер