«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ҰКП қызмет көрсетудің жекелеген секторларын КО мен ЕЭК ортақ нарығына топтасуға шақырады

2014 жылғы 11 Наурыз
9007 просмотров

Бұдан бұрын айтылғандай, Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі Келісім жобасы негізінде қызмет көрсетудің жекелеген секторларын ортақ нарыққа кезең-кезеңімен көшіру қарастырылған болатын.  

Қызмет көрсетудің бірыңғай нарығы КО пен ЕЭК елдері аумағы бойынша қызмет көрсетудің  еркін өтуін  қарастырады:

  1. ұлттық режим бойынша, қолайлы жағдайда, сондай-ақ, инвестициялық және көлемділік жағынан қосымша шектеусіз шараларсыз қызмет көрсету құқығына ие болу;  
  2. тасымалдың 4 түрлі формасы құқығын пайдалану;
  3. лицензияны қосқанда өзара рұқсат беруді мойындау;
  4. ЕЭК мүше елдердің біреуінде қызмет істеуге, ЕЭК аумағында  қосымша мекемесіз қызмет көрсетудің осы түрін атқаруға құқылы;

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне сәйкес, бүгінгі күні ырықтандыру шамасына байланысты қызмет көрсету секторының  төрт «қоржыны» құрылады.        

  • 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай нарық қызметінің тәртібі қолданылатын қызмет көрсету секторы;
  • Жол картасына сәйкес, бірыңғай нарық қызметінің нақты мерзімі қалыптасады;
  • Үйлестіру мерзімі белгіленбеген, тәркілеу мен шектеуге жататын қызмет түрлері;
  • Үйлестіру мерзімі белгіленбеген, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс пен мемлекет билігінің қызметін орындайтын және тәркілеу мен шектеуге жатпайтын қызмет түрлері. 

Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі Келісімнің қол қойылу мерзімінің тығыздығына байланысты, «қоржынға» талаптарына сәйкес келетін секторлар тізімінің жобасы 2014 жылдың наурыз айының соңына дейін дайын болуы тиіс.

Қазақстан экономикасы үшін қызмет көрсету секторының маңыздылығын ескере отырып, (ІЖӨ 50 пайыздан астамы) Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы кәсіпкерлерге осы мәселе бойынша өз ұсыныстарын жолдауды сұрайды..

Өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына e-mail арқылы жолдауға болады: a.kyssykov@palata.kz

Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі Келісімнің «Қызмет көрсету мен инвестицияға қатысты протокол» №15 қосымша жобасымен мына жерде танысуға болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер