«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс комитетінің төрағасы сайланды

2016 жылғы 18 Мамыр
12129 просмотров

Александр Белович «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының құрылыс істері, құрылыс материалдары өндірісі мен ТКШ жөніндегі комитеті төрағасы болып қайта сайланды

Ұлттық палатада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының құрылыс істері, құрылыс материалдары өндірісі мен ТКШ жөніндегі комитетінің отырысы болып өтті.

Отырыс барысында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Юлия Якупбаева Комитет төрағасы қызметіне Александр Якубович Беловичтің кандидатурасын ұсынып, оны Комитеттің барлық мүшелері бірауыздан қолдады.

Александр Белович Комитеттің төрағасы қызметінде 2013 жылдан осы күнге дейін де жұмыс жасап келгенін еске салу керек.

Сонымен бірге, отырыста Комитеттің 2016 жылға арналған қызметінің басты бағыттары, оның ішінде мына бағыттарды жетілдіру мен жүзеге асыру мәселелері талқыға салынды:

1. жер заңнамасы;

2. инженерлік желілер құрылысы;

3. техникалық реттеу;

4. тұрғын-үй құрылысы бағдарламалары;

5. баға бекіту жүйелері;

6. жеке сарапшы ұйымдар жұмыстары;

7. құрылыстағы МЖС жүйелері;

8. FIDIC типтік проформаларды және т.б. енгізу

Аталған бағыттарды Комитет қызметінің толық жоспары түрінде көрсету, жауапты қауымдастықтарды анықтап, құрылыс саласындағы қоғамдастық пен өзге де қызығушылық танытқан ұйымдарды құлағдар ету жоспарланып отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер