«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Хабарлама жіберіп, орынжайды қайта жоспарлаумен айналысуға болады

2018 жылғы 12 Наурыз
17268 просмотров

Орынжайды қайта жоспарлауға қатысты кедергілер 2018 жылдың соңында алынады

Қазақстан Үкіметі биыл 9 ақпанда ғимараттың салмақ түсіретін конструкциясын өзгертумен байланысты емес орынжайдың қайта жоспарлауына хабарлау тәртібінде рұқсат беруге алмастыру туралы Жол картасына қол қойды.

«Жергілікті атқару органдардың ғимараттың салмақ түсіретін және қоршау конструкциясын өзгертумен, инженерлік жүйесі мен жабдықтарды және оларды алып астауға байланысты емес орынжайды қайта жоспарлауға рұқсат беруінің мақсатқа сайкес еместік мәселесі бизнес субъектісі үшін артық әкімшілік кедергі екенін «Атамекен» ҰКП 2015 жылдан бері көтеріп келеді», ­- деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Құрылыс департаментінің директоры Аспена Досмағанова.

Жол картасын жүзеге асырғанда органдардың ғимараттың салмақ түсіретін және қоршау конструкциясын өзгертумен байланысты емес орынжайды қайта жоспарлау процесі айтарлықтай қысқарады. Оны жүргізу үшін көршілердің рұқсат еткен қолын қойдыру, нысанның техникалық тексеруін жүргізу және жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу қажет емес.

2016 жылы құрылыс саласындағы рұқсат беру процедураларын жетілдіру аясында «Атамекен» ҚР ҰКП уәкілетті орган алдында аталған қызметті электронды түрге ауыстыру және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «бір терезе» қағидасымен жүзеге асыру мәселесін көтерді.

Жол картасына сай 2018 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызмет реестріне, тиісті стандарттар мен мемлекеттік қызметтер регламентіне өзгертулер мен толықтырулар, бірқатар нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізіліп, халық пен бизнес субъектілеріне түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

«Әкімшілік кедергіні алып тастай отырып меншік иесі жауапкершілктің күшейгенін түсіну керектігін ұмытпау керек. Жауапкершілік жоба эскизін дайындаған жобалаушыға да, жұмысты өзі қабылдап алған меншік иесіне де жүктеледі. Меншік иесі осылайша эскиздік жобаның орынжай конструкциясының нақты өзгертумен сәйкестігін растайды», - деді Аспена Досмағанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер