«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инфляция мен жұмыссыздыққа қатысты нақты мәліметтерді мойындаудан біз неге қашамыз?

2014 жылғы 07 Наурыз
10602 просмотров

Қазақстан үн мен бидай өндіруден әлем бойынша көшбасшылардың бірі болғанымен, бұл саладағы жағдай сын көтермейді. Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, биыл дәнді-дақыл  өңдеуші аймақтарда егістік науқанына қауіп төнуі мүмкін. Басты себеп - астық шығару компанияларының қаржылық жағдайы мәз емес, олардың бәрі банкрот алдында тұр. Осы саладағы күрделі жағдайдың қалыптасуына не себеп болды? Оның объективті және субъективті себептері жайында, жағдайдың одан арғы өрбуі мен ақша-несие және салық саясаты жөнінде kursiv.kz-ке ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев әңгімелеп берді.

- Кейбір мәліметтер бойынша, еліміздегі ірі  агрокомпаниялардың қарызы 5-6 млрд долларға жеткен көрінеді....

- Нақты сандарға тоқталмай-ақ, расында, ол компаниялардың қарызы өте үлкен екендігін айтқым келеді. Оның өзіндік объективті және субъективті себептері бар. Объективті факторларға – үш жыл қатарынан болған  ауа-райының қолайсыз-дығын айтуға болады. Ол – құрғақшылық пен тым жаңбырлы күндер,  бағалардың төмендігі, биылғы шыққан астықтың сапасыздығы, тағы да басқа себептерді айту-ға болады, бірақ, негізгі себеп екеу-үшеу. Бұл – ең біріншіден, бизнес жүргізуге өте қолайсыз - өте қымбат әрі қысқа мерзімге берілетін несиелер. Екіншіден, бұл – қаржылық менеджменттегі өрексел қателіктер, өйткені бұл - өзіне тән ерекшелігі бар бизнестің түрі, астықтың өнімділігі құбылмалы болып келгендіктен, оның бағасы да күрт өзгеріп отырады. Соңғы жылдары бұл секторда жоғарыда аталған осындай қолайсыз факторлар жиналып қалды. Сондай-ақ, 2008-жылы астықты экспортқа шығаруға тиым салынды. Бұл да осы салада күрделі түйткілдердің туындауына түрткі болды. Және біз Солтүстік аймақтардағы астық өндірісінде, егіншілік шаруашылығы бір жерде шоғырланғанын айта кетуіміз керек. Яғни, 249 ауылдағы 25 мың адамды жұмыспен қамтып отырған, егер қателеспесем, 2,7 млн гектар жері бар, бұл дегенінің дәнді-дақыл егуші алаңдардың 15 пайыздық үлесі бар 3 алып агрохолдинг. 249 ауылдық жерде 300 мың адам тұрады! Агрохолдин-гтердің жұмыс істеуінен 50-60 мың ауылдық тұрғын тікелей немесе жанама табыс тауып келеді. Сөз жоқ банкротқа ұшыраудың классикалық үлгісі қалыптасып отыр. Олардың қадағалаусыз төменге құлдырауына қарап отыруға болмайды. Мәселен, «Богви» агрохолдингін мысалға алайық. Бұл агрокомпания Ақмола мен СҚО облысының 76 ауылында жұмыс істеген. 600 мың тонна өнім шығарған. 5 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып, 16 мың жер үлескерлеріне табыс беріп отырған. 2008-2013 жылдары 5,8 млрд теңге жалақы төлеп, бюджетке 2,5 млрд теңге салық пен басқа да төлемдерді төлеп келді. Холдинг дефолтқа түсті, есесіне басшысы жоқ болғандықтан, өткен жылы өнімділігі аз 150-200 гектар ғана астық екті. Биылғы егістік науқаны болмауы да мүмкін. Бірақ, біз көптеген аудандарда осы холдинг жалғыз жұмыс беруші болғанын, адамдарды жұмыспен қамтып отырғанын, бюджетке қосымша қаржы түсіріп отырғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан, Ұлттық палатаның пікірі, мұндай жағдайдың басқа компанияларда қайталанғанын болдырмауымыз керек.

- Менің түсіунімше, мемлект ірі агрохолдингтердің жұмысын артық қылам деп, тыртық қылып алды. Қаншама жылдардан бері «өсір», «егістікті дамыт» деп келді ғой. Кейбірде әкімшілік тәртіпте көрсеткіштердің көбеюін талап етіп отырды.

- Дұрыс айтасыз. Сол кездері облыс әкімі, аудан әкімі агрохолдингтердің қосымша жерлер алып, егін егулеріне қысым көрсету  арқылы жасатқан ғой. Бұл – посткеңестік елдерден қалған фантомдық дерт деуге болады. Агрохолдингтер халықтың әл-әлеуметтік жағдайын шешуге де атсалысып отырған. Жергілікті атқару органдары болса, егістік алқаптарының кеңейгенін, егіннің бітік шыққанын, әлеуметтік инфрақұрылымның жақсарғанын т.б мәселелерді жоғары жаққа мәлімдеме жасаумен шектелген. Ауылдық жерлерде бизнес жүргізу жергілікті атқару органдарына тікелей тәуелді болғандықтан, агрохолдингтер дегеніне көніп жүре берген. Қазір егістік алқаптарын негізсіз кеңейтуге көнгендеріне көпшілік өкініш білдіреді. Десе де, кеңейтуге жол бермей, белгілі деңгейде тепе-теңдікті сақтауға тырысқан компаниялар бар. Оларға бақылау тиімді болғандықтан, басқару жүйесі де жеңілдік туғызып отыр. 50 мың гектар, кей жерлерде 100 мың гектарға өскен шығар, бірақ, әкімдер тарапынан өте қатты қысымға ұшырағанына қарамастан, егістік алқаптарын кеңейтуге мүлде қарсы шыққандар бар. Олардың қаржылық жағдайы анағұрлым тұрақты.

- Олар тек қана әкімдер тарапынан ғана қысым көрмеген, ауыл шаруашылығы министрлігі мен даму институттарының түрлі желісі тарапынан, агротехниканы қайта жарақтау жөніндегі түрлі бағдарлама тарапынан да қысым болған. Сонда өндірістік және моноқалаларды қоса есептегенде, бұл компаниялар қала құраушы болған ғой.    

- Иә, барлық аймақтарда қала құраушы болған.

- Яғни, бәрінен бұрын, СҚО облысы ғой...

- Қостанай мен Ақмола облыстары да бар.

- «Агробизнес 2020» бағдарламасы бар. Онда қаржылық ахуалды жақсарту туралы сөз бар. Тура осы бағыт бойынша 300 млрд теңге бөлінуі тиіс...

- Салалық ведомство бұл түйткілді әлі толыққанды деңгейде түсінбеген де шығар. Бірақ, «Агробизнес - 2020» бағдарламасының іргетасын қалаушы ауыл-шаруашылық өнімін өндірушілерді сауықтандыру болып табылады. Бұл «Ата-мекеннің» ұсынысы екенін айтқым келеді.  Қазір осы бағдарламаның құрамдас бөлігі ретінде, екінші деңгейлі банктерден қайта қаржыландыру арқылы қарыздарды ұзақ мерзімге создырып, 7 пайыздық мөлшермен субсидия алуға болады.  Мұндай мөлшерде мемлекет банктердің проценттік ставкасын субсидиялай алады.

- Есіме түсіріп отырсам, бағдарламада мәлімденгендей, бұл қаржылар барлығына бірдей бөлінеді...

- Иә, ол қаржылар бөлініп қойылды. «Казагро» облигацияларын арзан бағамен тарату арқылы жарты млрд доллар тартты.  Теңгеге айналдырылған ол қаржы  сауықтандыру бағдарламасына жіберілді. Мен қаржылық сауықтандыру бойынша комиссияның бір мүшесімін. Дәл қазір қаржының 50 пайызы игерілді. Субсидияны бөлу бойынша, бағдарламаның дәл уақытында берілуіне байланысты күмәні болғандықтан, көптеген банктер бұл бағдарламаға қатысудан бас тартты. Қазір өзара уағдаға келіп, бағдарламаға қажетті өзгерістер енгізілуде.

- Ол уағданың түпкі мәні неде?

-Жаңа формат бойынша, субсидияны банктер емес, «Казагро» алатын болды. Яғни, субсидиялау арқылы банктердің емес, «Казагроның» табысын төмендетеді. Банктер «Казагродан» жылдық 3 пайызын алып отыратын болды. Өз ақшаларын сала отырып, мүмкін 4 пайызбен, қарыз алушыға 7 пайыздық есеппен алады. Бірақ, кейбір ауылшаруашылық өнімін өндірушілер, бұл бағдарлама бүкіл жүйені сауықтандыруға мүмкіндік бермейтінін, тек түйткілді кейінге ысыра тұратынын мәлімдейді. Десе де, біз Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрігіне осы бағдарламаның қабылдағандарына рахмет айтқымыз келеді.

- Сіздің ойыңызша, бұл бағдарлама түйткілді шешіп, осы саладағы жағдайды күрт өзгерте ала ма?

- Өкінішке орай, жоқ. Себебі, қарыз мерзімін ұзарту мен пайыздық ставканы субсидиялау, түйткілді толық шешуге мүмкіндік бермейді. Бәрібір 7 пайыз деген өте үлкен сома. Бұл ставка мөлшерін ең көп дегенде 2-3 пайызға қысқарту керек. Ауыл шаруашылығының ерекшелігін ескеруді ұмытпауға тиістіміз. Екіншіден: көптеген шаруашылықтардың қарызға белшеден батқаны сондай, олар қандайда бір тиімділік жағына онша үміт артпайды. Сондай-ақ, мейлі несие төменгі ставкамен берілген болса дағы, қарыз мерзімін ұзарту арқылы толыққанды сауықтыру мүмкіндігіне сенбейтіндер бар. Кейбір компаниялар бойынша қайта қаржыландырылуы мүмкін. Яғни қарыз мерзімін ұзарту және қарыздың жартысы кешіріледі.  

- Олардың шет елдердегі немесе қазақстандық банктер алдындағы қарыздары қанша мөлшерде. Көбі қарызды теңгемен алған ба, әлде доллармен бе?

- Несие берушілер әртараптандырылған. Қазақстандық банктер, шет елдік банктер, облигация иелері мен зейнетақы қорлары.

- Қарызды доллармен алған ба, әлде теңгемен бе? Девальвация қалай әсер етті?

- Бұл ақпарды біліңкіремейді екенмін. Менің бағалауымша, 50-де 50. Астықты экспорттап, табысты доллармен табатындар үшін, сөз жоқ, теңгелей алынған қарыздардың жартысы құнсызданды.

- Қаржылық сауықтандыру үшін бағдарлама бойынша,  бар болғаны 300 млрд теңге бөлінді. Ал ірі компаниялардың берешегі бұл сомадан бірнеше есе артық екені белгілі. Не істемек керек? Олардың барлығы жүйеқұраушы компаниялар....

- Ақша іздеу керек. Дағдарыстан шығудың екі түрлі жолы бар. Егер ешқандай шара қолданбаса, жағдайдың қиындай түсері хақ, басқаруға келмейтін банкротқа ұшырайды. Яғни, миронитарлық қарыз берушілер сотқа талап арыз береді, сөйтіп, кепілдікке алынған мүліктерді тәркілеп, кәсіпорындар банкрот деп тану туралы арыз бере бастайды. Бірақ, уақыт дәлелдегендей, кредиторлар үшін бұл жол – мүлдем тиімсіз. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бүкіл мүлікті тәркілегеннің өзінде 1 доллар қарыздың 10-ақ центын қайтарып алуы мүмкін. Оған шағым түсіруге байланысты шығындарды, кепілге қойылған мүліктерді сақтауға кеткен ақшаларды қоса есептеңіз. Осыған байланысты, біз «Атамекеннің» алаңында агрохолдингтерге қарыз беруші банк өкілдерін бірнеше рет жинадық, Үкіметте осы мәселені көтердік. Осы секторды басқаруға келмейтін жағдайға жеткізбеуіміз керек. Қайта компанияларды сақтау қалуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет. Бұл мәселені тоқтатып қоюға болмайды. Оған жаңағы айтқанымдай, субъективті себептер жетерлік. Компания қожайындары ен акционерлерден ешкім жауапкершілікті алып тастайын деп отырған жоқ. Оған қоса, агрохолдингтердің бүгінгі үлгісі бұл жағдайда бар күшін сарқылтып алды. Бұл - менің жеке көзқарасым.

- Кезінде Қазақстан астық компанияларын мақтан тұтатын. Астық рыногына қатысушылар  оларды толағай табысқа жеткен, серпінді жобалардың қатарына жатқызатын. Сол бір кездің өзінде, бұл бизнестің өте әлсіз әртарап-тандырылғанын, компаниялар  тек астықты экспорттаумен ғана негізделгенін, оның одан ары дамуына көңіл бөлінбейтіні туралы сын айтылған еді. Бұл саладағы осы күрделі жағдайдың қалыптасуына, әлсіз әртараптандыру жұмысы себп болды деп айтуға бола ма?    

- Әртараптандыру жолымен өтіп, белгілі деңгейде нәтиже көрген компаниялар, күлделі жағдайдың туындау себептерінің бірі ретінде, осы әртараптандыру стратегиясын атайды. Өйткені олар, мысалы, май өсіруді алсақ, өнімді өндіру, сақтау, тасымалдау сияқты инфрақұрылымды дамытуға ауқымды инвестиция салды. Бұл шығындар өте үлкен ставкалар мен қысқа мерзім ішінде мүлдем өтелмейді деуге болады. Нәтижесінде, әлгі өнімнің экспорттық әлеуеті мықты, сұраныс ты барлығына қарамастан, шығындар жыл санап жинала береді. Егер экономикада ұзақ мерізмді әрі арзан қаржылар болғанда, инвестицилық субсидия да жұмыс істеуші еді. Онда, әрине әртараптандыру дұрыс жол. Алайда, несиелерінің жүктемесіне қарамастан, олар  сол жолмен жүре берді. Ал қорытындысында – әлгіндей күрделі жағдайға түсіп отыр.

- Енді тығырықтан шығар жол қайда? Басқаруға келмейтін болса – ол жаман, ал нендей әрекет дұрыс? Қандай тиімді жолдар бар?

- Кредиторлар кеңесін құру керек. Шығынның қандай мөлшерін банктер алу керек, тағы қандай мөлшерін акционерлер алу керек. Ал мемлекет жаңаша құралдармен қалай көмектесе алады

- Мәселен, қандай?

- Қаржылық сауықтандыру тәртібін одан арғы ырықтандырудан бөлек, Ұлттық палата бағдарламаға қосымша ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстар қабылданады деген сенімдемін. Сонд-ай-ақ, капиталдандырылған оператор құрылу қажет. Ол қарыздарды жаппай сатып алып немесе өтімділігін қолдау үшін, уақытша акционерлік капиталға енуі шарт. Бұл несімен маңызды? Агробизнестің өзіне тән ерекшелікті ескерер болсақ, олар үшін биыл сапалы көлемде егін егу керек. Өйткені, егін екпесе, өтімділік туралы әңгіме қозғаудың өзі артық, холдингтердің басқаруға келмейтіні туралы сценарийден қашу мүмкін болмай қалады. Кредиторлар ақша ағымы болса, қайта құрылымдау, қарызды қайта ұзарту туралы белгілі дүниелерді жасауға мүмкіндік алады. Ал егер ақша тоқтаса, жағдай бақылауға келмей қалары анық.  

- Құрылған Бірыңғай астық холдинг бұл жағдайда нендей мәселелерді шешеді?

- Менің ойымша, Бірыңғай Астық Холдингі әлі толыққанды құрылған жоқ. Азық-түлік Келісім-шарт Корпорациясы жанында құрылған қоғамдық кеңесті маған басқаруға ұсыныс түсті. Бірақ, әзірге бұл форматта жұмыс істеуге корпорация дайын емес. Сол себепті Бірыңғай Астық Холдингінің қоғамдық кеңесі құрамынан шықты.      

- Жағдай қалай өрбуі мүмкін? Қандай шешімдер жедел түрде қабылдануы шарт? Кім осы сауықтандыру процессінің ұйытқысы болуға тиіс?       

- Біз, Ұлттық кәсіпкерлердің палатасы атынан өз ұсынымызды айттық. Премьер-министрдің қатысуымен өткен отырыста түйткілді шешу жолдарын талқылауға негіз болдық. Бұл жағдайға жүрдім-бардым қарауға болмайтындығын, оның себеп-салдарды масштабты түйткіл туындатарын ашып айттық. «Казагро» арқылы бюджеттен 40 миллиард теңге бөлінгеніне қарамастан, көктемгі егістік жұмыстарына қатысты түйткіл әлі шешілген жоқ. «Казагро» қаржыны екінші деңгейлі банктер арқылы бөлініп, банктер болса қарыз алушыларға несие ретінде беретін тетікті ұсынып отыр. Бірақ, біріншіден, банктердің ірі агрохолдингтерге беретін барлық шектеуі таусылды, екіншіден, қарыз алуға қояр кепілдік жоқ. Биылғы көктемгі-егістік жұмыстарына дайындық жұмыстары, соңғы он жылмен салыстырғанда, өте төменгі деңгейде. Агрохимия, қосалқы бөлшектер, дәнді-дақылмен өз дәрежесінде қамтылмай отыр. Үшіншіден, кейбір банктер айтады – бізде өтемпаздығымыз жоқ дейді. Біз өзіміз «Казагроны» несиелендіруге дайынбыз, ол мейлі несиелік тәуекел әкелсе де дейді. Сондықтан, дәл қазір бар үміт әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда. Компаниялардың көктемгі-егістік жұмыстарын бастап кетуі үшін, олар қаржылардың «кепілі» ретінде болар еді. Қазір жылдан жылға «жабулы қазан» күйінде келе жатқан негізгі жүйелі, фундаменталды түйткілдердің беті ашылды. Бұл – біріншіден, ауыл шаруашы-лығын қаржымен қамтамасыз етуде түсінікті әрі тұрақты құралдардың болмауы, түптеп келгенде монетарлы саясаттың  салқыны.   

- Дәлірек айтсақ...

- Біз бұл мәселені барлық деңгейде айтып жүрміз. Барлық жерде жаһандық өзін-өзі алдау бар. Кәсіпкерлер де, банктер де, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында қысқа мерзімде және қымбат несие алу арқылы тұрақты бизнес құруға болатынын айтып, өздерін-өздері алдап келеді. Менің ойымша, ауыл шаруашылығы бұл – бизнес қана емес, бұл – өмір сүру өмір салты, тұрмыс қалпы. Бұл – ауылдағы ағайынның тұрмысын қолдау деген сөз. Жақсы ма, жаман ба, бірақ, ел тұрғындарыны 47 пайызы ауылда тұратынын естен шығармауымыз керек. Ал экономикалық белсенді тұрғындардың 25 пайызы осы агробизнес саласында шоғырланған. Урбанизация үдерісі жылдамдықпен өтуде, ал өзін-өзі жұмыспен қамтушы, жұмыссыздардың дені осы ауылда тұрмайды емес пе?  Әлемде не боп жатыр? Көз жүгіртейікші. Осыдан 5-6 жыл бұрын Еуропалық Одақ бюджетінің 50 пайызы аграрлық субсидияларға бөлінетін. Егер біз олар жүргізіп отырған аграрлық саясатының  кейбір элементтеріне назар аударсақ, оларды бірыңғай фермерлік төлем бар. 1 гектарға 350 евродан келеді. Бұл ақшалар не үшін төленеді дегенді зерттей бастағанда, әлгі ақшалар ауылдықтардың тұрмыс салтын қолдау үшін бөлінетіндігін білдік. Топырақ құнарын жоймау үшін, ауылда санитарлық-экологиялық жағдайын сақтау үшін осыншама ақша бөлінеді екен. «Біз ақшаны ауылдағы әдемі көріністі көру үшін ақша төлейміз»,-деп қалжыңдайды немістер.

- Түсінікті. Бірақ, Қазақстанның ондай ақша төлеуге әзірге мүмкіндігі жоқ па?

- Әрине. Егер экономикалық арнайы білім алған маман ретінде, бұл мәселені  кең түрде баяндар болсам, осыдан бірнеше уақыт бұрын аграрлық салаағы әрбір полисимейкер, ауыл шаурашылығындағы түйткілдерді өте ұсақ тауарлы деп бағалайтын. Сол себепті, әкімшілік тұрғыда немесе ауылшаруашылық кооперативтері арқылы ма, шаруашылықтарды ірілету керек. Отбасылық фермалар құру керек. Бұл Қазақстан үшін тиімді әрі тұрақты болмақ. Сүт пен еттің 80 пайызы жекелеген шаруашылықтарда өндіріліп келеді. Бұл үрдіс әлі жалғасады да. Қолдау жасау арқылы фермаларды ірілету тиімсіз. Өкінішке орай, салық салу туралы ештең айта алмаймын. Ол да ауыл шаруашылығын оңдырмай ойсыратты. Біз қазір арнайы салықтық тәртіппен жұмыс істейміз. Ауыл шаруашылығында өнім өндірушілер үшін – қарапайым, сондай-ақ, арнайы тәртіп бар. Меншігі шектеулі заңды тұлға ретінде рәсімделген шаруа қожалықтары үшін  бірыңғай жер салығы бар, бірақ, олардың салық төлеудегі деңгейлері әртүрлі. Барлығы ауыл шаруашылықтан салықтың керек еместігін  жақсы түсінеді. Бізге адамдардың жұмыспен қамтылғаны ғана керек. Салықтың қанша төленіп, субсидия қанша алынатындығы туралы таза балансты есептесек, мемлекетке келер ешқандай пайда жоқ. Мемлекет те мұны түсініп отыр. Ия, біздегі салық төлемі жүйесі әлемдегі ең төменгі деңгейде. Бірақ, режимдер арасындағы бұл алшақтық, ірі компаниялар  бөлшектеп жіберу үшін жасалған экономикалық стимулдардың бірі. Нәтижесінде, біз кейбір холдингтерде 47 заңды тұлғаны құрдық. Бұл басқару мен өндірісті есепке алмағанда, басқаруға келмейтін құрылым екендігінде күмәнім жоқ. Бұл жағдайда компаниялар салық төлеуде қаржыларын үнемдеп, жалпы режимде мүлде төлемеуге дағдыланған. Өткен жылы Президент ауыл шаруашылығы саласында салық салуды оңайландыруды тапсырды. Қаржы министрлігінде көптеген отырыстар болды. Биыл осы тақырыптқа қайта оралмақ ойлары бар. Бірақ, менің ойымша қолдағы бар мүмкіндіктерді біз жіберіп алдық.

- Қалайша?

- Ұйымдастырушылық-құқықтық формасы мен шаруашылықтың көлеміне қарамайтын, ауыл шаруашылығында бірыңғай салық салу режимін құру. Қазіргі салық саясатында шаруа қожалықтарын қолдау бар. ЖШС-ға қарағанда, шаруа қожалықтарында салық жағынан тиімді тұстары бар. Біра, бұл ұйымдастырушылық-құқықтық формасына ғана қатысты сауалдар.    

- Менің түсінуімше, олардың арасындағы ерекшелік түсініксіздеу. Шаруа қожалығы ЖШС болып та тіркелуі мүмкін ғой...

- Дұрыс айтасыз. Қазір Үкіметте дайындалған салық салу бойынша жаңа ұсыныстарда, арнайы салық режимі үшін шектеулі бағаны шауып тастау үшін, пайдаланатын жерлерге бір реттік қана жер салығы енгізілетін болды. Түрлі аудандар үшін баға да әртүрлі – шамамен 1 мың, 3 мың гектар... Қазір осы не басқа ұстанымдарды айқындау үшін стандартты дәйектер келтіруде: «Отан-анаға кім жақынырақ? Шаруашылық па, ЖШС па, шындай қайсысында... Алыптар үлкен ақша төлеуге тиіс..» тағы да басқа. Маған, экономикалық арнайы білім алған маман ретінде, бұл – құрылымдық ауытқулар мен бизнеске бұрмаланған дабыл қағыла бастағанын көрсетеді. Және жаңа жүйелі дағдарыстың негізін қалап отыр. Өкінішке орай, бұл мүмкіндік те шет қалып барады. 

- Президент Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлемін деп уәде етті. Егер ұмытпасам, осыдан бір жырам жыл бұрын «Атамекен» де тура осы ұсыныспен шыққан болатын...

- Олай емес. «Атамекен» соманы атаған жоқ.

Біз Үкіметке Қазақстанның бизнес - ахуалындағы фундаменталды түйткілді, яғни – теңгемен алынатын арзан әрі ұзақ мерзімді несиенің жоқтығын айтуға тырыстық.

Ұлттық қордан қаржы бөлу керектігін немесе ақша-несиелеу саясатын өзгерту арқылы орта және шағын бизнеске қаржы бөлу қажеттігін айттық. Мемлекет басшысы Ұлттық қордан бөлінген қаржы тек қана инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға кететінін нақты айтқандықтан, біз де соған сәйкес ұсыны-сымызды негіздедік.  Ең біріншіден, Ұлттық банк туралы заңға өзгеріс енгізу керек, оның түпкі мақсаты сол кезде ғана өзгереді. Қазір баған тұрақтандыру қажет. Біз бірінші орынға адамдарды жұмыспен қамтитын, экономикалық өсімді мақсат етіп қоюымыз шарт. Яғни, экономикалық классика бойынша, Ұлттық банк инфляция мен экономикалық өсімнің арасында тепе-теңдікті сақтап отыруы керек. Бізді дұрыс түсініңіздер, Ұлттық қордан орта және шағын бизнеске қаржы сұрап отырғамыз жоқ. Ұлттық банктен талап етіп отырғанымыз,  олар экономи-каны ұлттық валютамен берілетін ұзақ мерзімді әрі арзан ақшамен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мәселе шешімін таппағандықтан, девальвация сияқты белгілі жағымсыз салдарға әкеп соқтырды. Девальвация бәсекелестікті арттырушы құрал ретінде керек те шығар. Бірақ, теңгемен берілетін несиелердің жоқтығы, көздеген нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Түсінесіздер ме, бизнес Үкіметтен теңгемен берілетін арзан несие сұраған кезде, бізде «Бизнестің жол картасы» деген бағдарлама бар дейді. Сөз жоқ, серпінді, жақсы бағдарламалардың бірі. Ол бизнес үшін сыйақы ставкасын субсидиялап отыр. «Агробизнес-2020» бағдарламасы да тура осы жолды таңдады. Мұның барлығы дұрыс, оған деген сұраныс та жоғары. Бірақ, бұл бүкіл мәселені жүйелі түрде шешпейді. Бұл бюджет саясаты тарапынан жасалып отырған шара ғана. Яғни, басқа жерлерде бұл монетарлы, қаржы-несие саясатының шаралары шешіліп жатқан тұста, біз болсақ, салық төлеушілердің қаржысы арқылы бизнестің мөлшерлемесін субсидиялаймыз, банктердің шығысын өтеп келеміз.

- Ал сіз не ұсынасыз?

- Менің ойымша, даму институттарын қатыстырмай-ақ, екінші деңгейлі банктерді қайта қаржыландыру ставкасымен Ұлттық банктың қаржылары арқылы несиеуледі бір нұсқа ретінде қарастыруға болар еді. Қазір қайта қаржыландыру ствакасы бойынша берілетін несиелер, 7-ақ күндік өтімділік бойынша ғана беріледі. Біз Ресейдің Орталық банкі жүріп өткен жолмен неге өтпейміз? Олар дағдарысқа қарсы шара ретінде, 2 жылға дейінгі аукцион өткізіп тұрды. Егер біз Жапония мен Кореяның белсенді түрде жүргізілген индустрияландыру кезеңіне көңіл аударар болсақ, олардың орталық банктері экономиканы кезең-кезеңімен 30 жылға дейін ұлттық валютамен несиеледі.

- Сіздің ұсынысқа айтылған жауап қандай болды?

Стандартты жауаптар. «Сіз негізін білмеуші ме едіңіз? Егер біз қазір банктерге ақша берсек, инфляция болады.» Бір жағынан 2007-2008 ж.ж.дағдарысқа дейін банктер валютамен қарыз алып, рынокқа шығарған кезде, Ұлттық банк валютаны сатып алу үшін, сосын бағамды қолдау үшін теңгемен эмиссия жүргізіп отыратын. Айтпақшы, Президент өткен жылғы жолдауында қаржы-несие саясатын түбегейлі өзгерту үшін тапсырма берді. Өкінішке орай, бұл тапсырмалар дәстүрлі әдет өз деңгейінде орындалып отырған жоқ.

- Президент Ұлттық банкке көп жылдардан бері келе жатқан екі түйткілді шешу үшін нақты тапсырма берді. Біріншіден, қордаланған қарыз мәселесін, екіншісі, инфляциялық шектеуге көшуге. Енді Ұлттық банк талабы қатты валюталық дәліз тәртібін орнатқан кезде, бұл мәселені шешу мүмкін бе?

- Егер біз инфляция туралы айтар болсақ,  бұл реттеуші үшін нанымды нәрсеге айналды. Экономист те, қарапайым тұрғын да қолын жүрегіне қоя отырып, біздегі статистикада көрсетілген инфляция сандары, бағаның өсуін объективті түрде көрсетпейтінін мәлімдейді. Біздің басты қателігіміз – біз шындықты қабылдай білмейміз. Ауыл шаруашылығына келер болсақ, өткен жылы 100 пайыз астық жиналды деген сарапшылардың бағасы бар. Яғни, шындықты барынша бұрмалап жіберген. Көктемгі егіске дайындық жөнінде түрлі бағалаулар бар. Жергілікті атқару органдары көктемгі егістік науқанына толыққанды дайындық барын мәлімдесе, көптеген сарапшылар көптеген аудандарда егетін дәннің жоқтығын айтады. Егістік егу өткен жылмен салыстырғанда, 20 пайызға аз болатындығы анық. Десе де, нағыз шындқ айтылмағандықтан, біз тұйыққа күннен күнге тілеп бара жатырмыз. Біз неге инфляция мен жұмыссыздықтың нақты санын мойындаудан қашамыз? Түйткілді мойындап, оның шешу жолдарын қарастыру дұрыс ұстаным. Бізде жұмыссыздар саны анағұрлым көп, ал біз оларды өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдардың қатарына қосып қоямыз. Енді түйткілді зерттеп, оны шешу жолдарын қарастыратын уақыт жетті емес пе? Өсімдік өсіруде, астық өндірісінде бізде өте үлкен проблемалар бар екенін мойындап,  қордаланған мәселелер уақыт создырмай шешілуі тиіс қой. Монетарлы саясатта шекеміз шылқып тұрған жоқ. Оны да мойындайтын уақыт жетті. Инфляцияның табиғатына үңіліп көрейікші. Осы кезге дейін, біздің экономикамызға инфляцияның тигізер ықпал-әсері тиянақты түрде зерттеліп көрді ме? Неге баға тұрақсыз бізде? Бізде нақты инфляцияны мойындамайды, оның бүгінгі деңгейі көңілге қонымды, ал оны зерттеп неге керек? Тарифтердің өсуінде, жанар-жағар май бағасының қымбаттауында, жоғары пайыздық ставкада  мультипликативті нәтиже қандай? Мен де тұрғын ретінде дүкендерге барып, ондағы бағалардың өзгеріп кеткенін көзбен көріп жүрмін.

Үкімет уәде еткендей, бағаларды тұрақты деңгейде ұстап шамасы жете ме? Оның әкімшіліктен басқа қандай тетіктері бар?

- Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін, Үкіметтің заңдық тұрғыдан алғанда белгілі деңгейдегі құралдары бар. Олар осыны негізге алары анық.  Бірақ, , кәсіпкерлерге бағаны өсіртпеу үшін жасалған әкімшілік қысым, науқанға айналып кете ме деп қауіптенем. Ал өнімнің өзіндік құны, расында, қымбаттап кетті, кәсіпкер оны көтеруге мүдделі ғой. Біз ққалай десек те, импортқа тәуелдіміз. Яғни, баға өседі. Ал әкімшілік мемлекеттік реттеу бойынша жасалған саясат, көптеген экономистердің пікірінше, күтілгендей тиімді болмайды. Ол бұрмаланып, ақыр соңында тиімсіздігін көрсетеді. Қарақұмық бағасының қымбаттағаны естеріңізде болар. Павлодар облысының бәсекелестікті қорғау агенттігі қаржы полициясымен біріге отырып, ешкім бағаны көтермес үшін жағдайды қатаң бақылауға алады. Ал түптің-түбіне келгенде, кәсіпкерлер қарақұмық сатудан, тіпті егіп, қайта өңдеуден бас тартады. Тобықтай түйін, бүгінгі қалыптасқан шындықты бүркемелеуге болады. Бірақ, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Бір күндері шорт кесіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер