Сәтті өткен байқаулар көп
Соның өзінде мемлекеттік сатып алуды бір көзде өткізу азайған жоқ
Үш айдың ішінде байқауға 20 мың құжаттама түсіп, оның 7 мыңына ескертулер беріліп, өзгерістер енгізілді. Бұл мәліметтерді Қазақстан Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы бөлімі департаментінің директоры Сәбит Ахметов ұсынып отыр. Астана қаласында өткен «Сатып алу, кәсіби әдеп, басқару және ашықтық» атты мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген 12-форум барысында: «Яғни, әрбір үшінші құжаттама алдын-ала талқылаудан соң өзгеріске ұшырады. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш деп есептейміз», – дейді Сәбит Ахметов.
Бұдан бөлек, С.Ахметов мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша басқа да мәселелерге тоқталды.
«Байқауға келіп түскен қатысушылардың өтініштерін қарастыру кезінде кері қайтару және жарамсыз деп танылған жағдайда мәселелер туындайды. Өздеріңіз білетіндей, сәтсіз мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуды бір көзде өткізуге негіз болады. Сонымен қатар, бір көздің үлесі тым жоғары болған жағдайда нақты мәселелер туындайды», – деп атап өтті Ахметов.
«Мемлекеттік сатып алудың бәсекелестікке қабілетті әдістерін арттыру бойынша алдын-ала хаттама қабылдау институты жүзеге асырылуда», деп қосты Қаржы министрлігінің өкілі. Бұл әлеуетті жеткізушілерге «үш күннің ішінде байқау құжаттамаларын түзетуге» мүмкіндік береді. «Бұл институтты дамыту оң нәтижесін беруде. Өткізілген байқау үлесі бір жарым есеге артып отыр», – деді ол.
С.Ахметовтың мәліметінше, Қазақстандағы жылдық мемлекеттік сатып алудың орташа сомасы 2,5-3 трлн теңгені құрайды, яғни, 9 млрд АҚШ долларына тең.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: