«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Би екеу болса, дау төртеу болады

2016 жылғы 12 Мамыр
- Маңғыстау облысы
20544 просмотров

Ақтауда әлеуметтік-еңбек кикілжіңдерінің алдын алу және зерттеу жөніндегі орталық құру қажет

«Ұжымдық келіссөздер – еңбек дауларын шешудің құралы» атты халықаралық конференцияға қатысқан Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жаңыл Тұманбаева осындай пікір айтты.

Сондай-ақ, екі күндік конференцияның жұмысына Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары, Қазақстан Республикасы         Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, Маңғыстау облысы кәсіподақтар ұйымдарының көшбасшылары, кәсіпорындардың басшылары, облыстық әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және кәсіби медиаторлар қатысты.

«Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек жанжалдары әрбір тарап өз мүддесін қорғаған кезде пайда болуы ықтимал. Әлеуметтік әріптестік қағидаларын қатаң сақтағанда және жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы сұхбат жүргізген жағдайда ғана мұндай жанжалдардың теріс салдарын азайтуға болады және ол қажет», – дейді Ж.Тұманбаева.

Ол Ақтау қаласында әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және зерттеу жөніндегі орталық құру идеясына қолдау білдірді. Оның айтуынша, орталық тиімді сұхбаттасу алаңына айналуы тиіс және онда келіссөздер жүргізіліп, ымыраға келуге болады.

Конференцияның екінші күніне кәсіподақ көшбасшыларына арналған оқу семинары жоспарланған. Оған тренер ретінде шақырылған Халықаралық еңбек ұйымының сарапшысы Евгения Есенина тренингтің белсенді қарым-қатынас сипатында өтетінін атап айтты.

«Біз келіссөздерді сауатты жүргізу әдістерін қарастырамыз. Ал бұл үшін коммуникативтік, экономикалық және құқықтық білімдер қажет. Кәсіподақ қызметкерлері бүгінгі күні өздерінің даму деңгейі бойынша заманауи типтегі басшылардан төмен болмауы тиіс. Кәсіподақ қызметкерлерінің басты қаруы – заңнаманы бүге-шігесіне дейін жақсы білу», – дейді Е.Есенина. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер