«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Австрияның нарығын қалай жаулап алуға болады?

2016 жылғы 29 Сәуір
18890 просмотров

Австрияда қандай қазақстандық өндіріс өнімдері сұранысқа ие? Австрияда, одан соң өзге елдерде өз өніміңді қалай сатқан пайдалы? Бұл турасындан palata.kz-ке өзінің эксклюзивті сұхбатында «Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік қызметін реформалау мен жаңғырту» жобасының бас сарапшысы Максимилиан Фоедингер айтып берді.

Бұл қызметінен бөлек Фоедингер мырза MBA бағдарламасы бойынша австриялық университетте орыстілді студенттерге оқытушы, Қазақстанның өз тауарын экспорттағысы келетін кәсіпкерлеріне бизнес-жаттықтырушы болып белсенділік танытып жүр.

– Фоедингер мырза, қазақстандық кәсіпкерлер қандай сұрақтарды жиі қояды?

– Мені жыл сайын сан алуан семинарлар мен форумдарға шақырады, Астана мен Алматының кәсіпкерлерімен жұмыс істеймін, маркетинг мәселесі бойынша кеңес беремін. Сіздердің кәсіпкерлер ең алдымен өз өнімін еуроодақ елдеріне қалай жеткізуге болады деп сұрайды. Экспортталатын тауардың сапасын талқылаймыз, оны қалай ұсыну керектігін айтамыз, Еуропаға Қазақстаннан не керектігін сөз етеміз.

 Онда айтыңызшы, Қазақстанның қандай тауары ЕО елдерінде сұранысқа ие болуы мүмкін?

– Сіздерде өнім түрлері көп. Әрине, еуроодақтың өзінің де өндірушілері жеткілікті. Сонда да ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныс жоғары, оның үстіне Қазақстанның бұл салада өндірушілік әлеуеті орасан зор. Мен ылғи айтамын: жігіттер, шикізатты экспорттау керек, дайын өнімді экспорттау керек деп. Менің бірінші кеңесім – тауарды қосымша құнын төмендетпеу керек, керісінше жоғары құнмен бағалаңыздар. Бұл ең бастысы. Менің ылғи айтатын сөзімнің бірі: мырзалар, қазір осында, үйде жақсы сатылған заттар Еуропада, АҚШ-та өтпей қалуы ықтимал. Өз өніміңді жаңа нарыққа бейімдей білуің керек. Тауардың сыртқы безендірілуі үлкен рөл ойнайды, бірақ мәселе тек қорапта ғана емес. Азық-түлікті Еуропаға өткізгісі келген адамның талғамы ерекше, тартымды болуы керек. Мысал келтірейін. Егер Австрия компаниясы шұжық, паштетті Венгрияға экспорттағысы келсе, онда олар венгрлердің талғамын есепке алуы тиіс. Австриялықтар ұнататын дүние венгрлерге ұнамауы мүмкін. Сондықтан қазақстандық кәсіпкерлер бір нәрсені анық түсініп алсын – Еуроодақтың нарығы – бәрін сата беруге арналған бір жақты моноблок емес.

– Қазақстандық кәсіпкерлерге тағы қандай кеңестер беріп жатсыз?

– Мен экспортты мүмкін болса Австриядан бастаңыздар деп кеңес берем. Өйткені, Австрия – Еуропаның жүрегі. Біз Қазақстанды жақсы көреміз, аздап орысша сөйлейміз. Австрия – алғашқы баспалдақ үшін жақсы. Оның үстіне біздің мемлекеттің жағрапиялық орналасуы да ыңғайлы. Венадан екі сағатта Еуропаның кез келген астанасына жетіп баруға болады. Будапешт, Прага, Братислава – өте жақын. Әрине, Германия – экспорт үшін тағы бір игерілмеген нарық, бірақ сәл-пәл күрделілеу. Италияны да қарастырса болады, ол да күрделі нұсқа. Әр жердің өз ерекшелігі бар, соларды зерттеп, есепке алу керек.

– Қазақстандық компаниялар қандай өнімдерін Австрияға экспорттап жатыр немесе экспорттамақ?

– Әзірге мен тек кездемені ғана кездестірдім. Біздің елде ол көп емес, бірақ өте танымал. Еуропаның көзі ашық халқы Қазақстанның басты өнімі мұнай, мұнайдан өндірілетін өнімдер екенін біледі, жалпы экспорттың 92%-ы соның үлесінде. Сондықтан мұнайдан басқа өнімді ұсынған кезде Қазақстан туралы айта кету керек, жарнамалық имидждің маңызы зор. Бұл оңай шаруа емес. Италиялық азық-түлік өндіруші компаниялар өз өнімін қалай экспорттағаны туралы айта кетейін. Олар өнімге тікелей жарнама жасамады, алдымен олар өз елдерінің жарнамасына басымдық түсірді. Содан кейін барып олар өз өнімдерін ұсына бастады – макарондарын, қызанақ пастасын. Елдің имиджі – ең маңызды дүние. Немесе Жапон елін алайық, олар әлемде ең сапалы техника жасаушылар, технология саласының көшбасшысы. Бірақ жұрттың бәрі Жапонияны мәдени дәстүрі өте бай ел екенін де жақсы біледі. Қазір қазақстандық инвесторлар Австриядағы қонақ үйлерді сатып алып жатыр. Қателеспесем, Венадағы үш қонақ үй қазақстандық кәсіпкерлердің меншігінде. Бұл да экспорттың бір түрі. Бірақ шағын және орта кәсіпкерліктің де экспорттауға мүмкіндігі баршылық. Қазақстанның кездеме, азық-түлікті экспорттауға әлеуеті жетеді, мен соны анық көріп тұрмын.

Сұхбатыңызға көп рақмет!

Жанар Сердалина 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер