«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

60 секундта жұмысқа орналасу…

2016 жылғы 27 Сәуір
9612 просмотров

Қазақ мемлекеттік заң университетінің Жоғары экономика мектебі үш жүзден астам түлектер мен студенттер үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Жас жұмыс іздеушілерге өзін таныстыруға, жәрмеңкеге келген жұмыс берушіні қызықтыра алуына бір минут уақыт берілді.

Бұл іске «Атамекен» ҚР ҰКП да өзіндік үлес қосып жатыр, жастарға жәрмеңке аясында «Атамекен» ҰКП жүйесінде жұмыс өтілін жинау мен тәжірибеден өту мүмкіндігін берді.

Жәрмеңкеге қатысушылар үшін «Атамекен» ҰКП қызметкерлерді басқару департаментінің HR-менеджері, 2005 жылдан бері Британдық қызметкерлерді дамыту институтының мүшесі атанған Марат Алисовтің жеке ізденісімен жасап шыққан авторлық жобасы «Жұмыс іздеудің заманауи шарттары» деген тақырыпта шеберлік сыныбы өткізілді.

Мини-тренингтің мақсаты ынта білдірушілерді тиімді жұмыс іздеу үдерісіне дайындау, қажетті құжаттарды әзірлеу (түйіндеме, кеңес беретін хаттар, өтініш). Шеберлік сыныбының нәтижесінде тыңдармандар заманауи жұмыс іздеу тетіктерін меңгеріп, сол арқылы өзіне жұмыс іздеуге, онлайн ресурстарды қолдануға пейілді болады. Оның ішінде headhunter.kz жұмыс іздеу порталы, yahoo-group JobKZ сайтының хаттарына жазылу, Linkedin, facebook, moomkin әлеуметтік желілеріне жазылу, одан бөлек рекрутингтік агенттіктерге хабарласу, өзге де бастаулардан хабардар болуға ынталанады. 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер