«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Болашақ «болашақтықтардың» қолында

2015 жылғы 20 Шілде
9923 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елордалық «Bolashak Job Fair 2015» бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне жұмысқа орналасу түйткілін шешу мүмкіндігі туды. Іс-шараға, шетелдік капитал қатысуымен құрылған компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік және жеке меншік сектордағы 50-ден астам жұмыс беруші кәсіпорын қатысты.  

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да іс-шараға белсене ат салысты. ҰКП қызметкерлері Палата қызметі туралы презентация өткізіп, онда оның мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді, сонымен қатар «Болашақ» түлектерінен сұхбат алды.

Олардың көпшілігі ҰКП-да жұмыс жасауға тілек білдірді. Түлектерді ұйымның миссиясы мен оны жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу мүмкіндігі қызықтырып отыр. Жетекші шетелдік университеттерде білім алып жатқан бірнеше студент жазғы каникул кезінде іс-тәжірибеден өту мүмкіндігіне қызығушылық танытты. ҰКП Қызметкерлерді басқару департаменті сарапшыларының ойынша, «болашақтықтардың» Палатада жұмыс жасауға талпынуы – бұл оның беделі мен қызмет нәтижелілігінің көрсеткіші.

Жәрмеңке орталық аппарат пен өңірлік Палаталарда бос жайғасымдарға үміткерлер іздеу аймағын кеңейту, сондай-ақ түйіндеме деректер базасын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Атамекен» сарапшылары жәрмеңкенің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамына алғыс айту керек. Палата өкілдері осындай жобаларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер