«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Несие шаруашылықты дамытуға беріле ме әлде құлдыратуға ма?

2016 жылғы 27 Сәуір
- Атырау облысы
11091 просмотров

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің жиналысы өтті

Күн тәртібіндегі басты мәселе «Айсұлтан» шаруа қожалығына қатысты өрбіді.

Мәселенің мәніне үңілсек, Махамбет ауданының аумағында орналасқан шаруашылық «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры» АҚ-ның атыраулық филиалынан өсімдік шаруашылығын жүргізуге 5 миллион 400 мың теңге көлемінде несие алған. Бизнес-жоспарға сәйкес, шаруашылық 5 гектар жерге картоп, ал 3 гектар жерге жеміс-жидек салуы тиіс еді. Қалған қаражат аумақты қоршауға жұмсалады деп жоспарланған.

Шаруашылық өкілі Хайырлы Жұмағазиевтің айтуынша, несие алу үшін құжаттар дайындауға біраз уақыт кеткен. Ол өтінімді ақпан айында беріп қойғанымен, қаражат өткен жылдың маусым айында ғана түскен. Бұл уақытта отырғызу мерзімі өтіп кеткендіктен, шаруа картоп салмаған. Жеміс-жидектердің тұқымын сатып алу да кеш еді, сондықтан ол базардан дайын көшеттер сатып алып, оны жердің бес гектарына отырғызған. Уақытылы отырғызбағандықтан, көшеттердің басым бөлігі өліп қалған. Сол себепті шаруа аз өнім алған.

Сонымен қатар, бизнес-жоспарға сәйкес, аумақты қоршауға, нақтылай түссек, дуал салуға 800 мың теңге қарастырылғанымен, оған 2 миллион 400 мың теңге қаражат жұмсалған. Хайырлы Жұмағазиев қалған қаражаттың үстіне өз қалтасынан 500 мың теңге қосып, «Первомайский» ЖШС-дан тайыншалар сатып алады. Несиені қайтару үшін шаруа малды қыста бордақылап, келесі жылы сатпақ болған.

«Қорда несие сомасынан қалған қаражат шотта қалуы тиіс деді. Олай болса, мен ай сайынғы төлемді қалай төлеймін? Жеңілдік мерзімі аяқталды, пайызымен қоса есептегенде бір жылғы несие сомасы 500 мың теңгедей, бизнес-жоспарда ауытқушылық болғанын мойындаймын, алайда, бар қаражатты басқа мақсаттарға емес, шаруа қожалығының ісін жолға қоюға жұмсадым», – деп шағымданады шаруа.

Кәсіпкер қыркүйек айында алған қаражатын жұмсағаны жөнінде есеп беруі тиіс еді, алайда, жоғарыда аталған жағдайға байланысты ол есеп бере алмады. Нәтижесінде қор шаруа қожалығын қарызға алған қаражатты мақсатсыз жұмсады деген айыппен сотқа берді.

«Сотта маған несиенің барлық сомасын, оған қоса 25% айыппұл төлеуге міндеттеді, нәтижесінде қарыз сомасы 6 миллион 750 мың теңгеге жетті. Қордың нұсқау негізінде жұмыс істейтінін түсінемін. Бірақ, айта кетерлігі, ауыл шаруашылығында мұндай жағдайлар, әсіресе жалғыз-жарымды шаруалар арасында жиі болып тұрады. Егер сіздер барлығын соттата берсеңіздер, бұл не болады? Мен соттан несиені төлеу мерзімін бір жылға ұзартуын сұраймын. Күзгі жиын-теріннен барлық қарызды қайтаруға сөз беремін. Егер олай болмаса, кепілге қойған қаладағы пәтерімнен айырыламын», – деп наразылығын білдірді кәсіпкер.

Кәсіпкер келтірген жайттың бәрін қор өкілі Нұргүл Шынаева растады, алайда, ол құжаттарды дер кезінде тапсырмағандықтан, сотқа қаражатты мақсатсыз жұмсау туралы арыз талаппен шағымдануға мәжбүр болғандарын айтып өтті. Өйткені, шартта мал шаруашылығы емес, өсімдік шаруашылығы көрсетілген.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаевты жеміс-жидекті отырғызу мерзімі өтіп кеткендігін біле тұра, қордың неліктен маусымда қаражат бергендігіне қатысты сұрақ қызықтырды. Оның пікірінше, қор несие беруден бас тартуы тиіс еді, сонда қарызданушы қыста пайдаланбаған несиесі үшін алым төлемес еді де, мұндай жағдайға тап болмас еді.

«Оған қоса, Махамбет аудандық әкімдігі 5 гектар жерге жеміс-жидек отырғызылғандын нақтылайтын құжаттар ұсынды. Неге мұның барлығы есепке алынбайды? Орнатылған дуалды зерттеу бойынша акт жасауға неге болмайды? Мүмкін, қордың ішкі құжаттарында ұсынылған құжаттардың нақты шығындармен сәйкестігін тексеру қарыстырылған болар», – дейді Сәрсенбай Жолдыбаев.

Бұған қор өкілі отырғызу немесе басқа да материалдар сатып алғандығы туралы құжаттың міндетті түрде болуы тиіс екендігін айтты. Өйткені, олар қанша қаражат қайда жұмсалғандығын білулері қажет екен.

«Қаржы несие шартында келтірілген мақсатта жұмсалуы тиіс. Махамбет ауданы әкімдігінің жүргізілген жұмыс туралы анықтамасын 2016 жылдың сәуірінде ғана тапсырды. Егер құжаттар бүгін ұсынылса, біз көмектесе аламыз», – деп мәлімдеді қор өкілі.

Талқылауды қорытындылай келе, Кеңес мүшелері мұнда жүйелік мәселенің бар екенін, оны зерттеп, Қордың несиелендіру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бастама көтеру қажеттігі туралы байламға келді. Жиналыс соңында Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Ауыл шауашылығын несиелендіру қорымен бірлесе отырып, қордың Несие беру ережелеріндегі жекелеген талаптары мен оны мақсатты пайдалануға қатысты жетекші құжаттарына талдау жасау жұмысын қолға алатын болды. Сондай-ақ, Палата осы дауды соттан тыс тәртіпте реттеу бойынша шаралар қолдануы тиіс.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Жастар ауылдан кетіп қалмасын
7 Қазан
2015
Павлодар облысы
«Ақсуаттың» жоспары көп
2 Қыркүйек
2015
Батыс Қазақстан облысы
Майдандасудан – мәмілелесуге
13 Тамыз
2015
Жетісу облысы
Кәсіпкерлерге арналған түрткі
13 Тамыз
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер