«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Майдандасудан – мәмілелесуге

2015 жылғы 13 Тамыз
- Жетісу облысы
9710 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге сот дауларын шешуге көмектесуде

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына күн сайын шағын және орта бизнес өкілдері сот дауларын шешуде заңгерлік көмек көрсетуді сұрап жүгініп отырады. Өкінішке орай, ең табысты бизнесменнің өзінің жиі қорғануына тура кеп жатады.

Алматы облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және жеке кәсіпкер Владимир Носик, сондай-ақ шаруа қожалығының басшысы Ермек Ешмұханбетұлы арасында салмақты сот дауы туындады.

Бәрі де Кәсіпкерлікті дамыту қорының жеке кәсіпкер Владимир Носиктің үстінен сотқа арыздануынан басталған еді. Қор өкілдерінің айтуынша, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жиһаз цехына жабдық алу үшін 3 миллион теңге мемлекеттік грант алған.

Алайда, кейін Қор сарапшылары гранттың 1 381 350 теңге сомасы қолданылғаны ғана құжат жүзінде расталғанын анықтайды. Сондықтан да талапкер соттың бизнесменнен бөлінген гранттың күллі сомасын мемлекет пайдасына өндіруін сұрайды. Ал Владимир Носик талап арызды мойындамай, гранттың бизнес-жоспарға сәйкес мақсатында қолданылғанын түсіндіреді. Сонымен қатар, ол жеке ісіне 3 миллион теңгеден әлдеқайда көп қаржы салған екен. Мұндай келіспеушіліктер тараптар арасында жасалған шарт қосымшасының келісілмегендігінен туындауы да мүмкін. Осының нәтижесінде сот мәлімделген талаптардың мерзімінен бұрын жасалғаны жайлы қорытынды жасап, «Даму» Қорының қуынымын қараусыз қалдырады.

Асыл тұқымды ешкі өсіруге грант бөлінген Ермек Ешмұханбетұлының шаруа қожалығына да осыған ұқсас талаптар қойылған. Бірақ бұл жағдайда Қор өзінің талап арызын қайтып алуға шешім қабылдайды.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сот ісінің барысына тікелей ат салысты. Олардың қолдауының арқасында дауды бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізілді.

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Носик» жеке кәсіпкерлігінен 3 000 000 теңге мөлшерінде қарызды өндіру туралы талап арыз берді. Өзінің қуыным талаптарына «Бизнесті дамыту картасы-2020» бағдарламасының аясында 2013 жылы жауапкерге 3 000 000 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік грант берілгендігін негіздеп отыр. Жауапкердің ақша қаражатын мақсатты нысанасында қолданбағанына байланысты істі сотқа беру туралы шешім қабылданған. Алайда біз өз тарапымыздан «Даму» Қорының дәлелдерімен келіспей, қуынымға қарсылық жасадық. Сот отырысында талапкердің қуыным талаптары мойындалмай, сотқа ақша қаражатының мақсатында қолданылғанын растайтын дәлелдер ұсындық. Сонымен қатар сотқа «Даму» КДҚ тарапынан жіберілген бірқатар қателіктерді көрсеттік.  Ақырында судья «Даму» КДҚ қуынымын қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарды», - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы 2 санатты сарапшысы Думан Керімбеков.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер