В2В: тікелей кездесулер және жаңа келісімдер
20 испандық компания Қазақстанда бірлескен бизнес ашуды көздеп отыр
Испания Корольдігінің Сыртқы істер министрі қ.а. Х.М.Гарсия-Маргальоның Астанаға жасаған ресми сапары аясында испандық және қазақстандық кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум болып өтті
Шараны Испанияның ҚР-ғы Елшілігі мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған. Форумға «Нұх Бәйтерек» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП қаржы құрылымдарының өкілдері қатысты.
Форумның пленарлық бөлімі барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Испанияның Сауда палатасы арасында қазақстан-испандық Іскерлік Кеңес құру туралы келісімге қол қойылды. ҚР Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы қ.а. Руслан Сұлтанов Қазақстанға салынған испандық инвестициялардың, жекелей алғанда шикізаттық емес сектордың айрықша рөлін атап өтті: «Мұндай өкілдік форумға Airbus, Talgo секілді мықты халықаралық концерндер қатысып отырғаны көңіл қуантады. Біз үшін мұндай брендтермен ынтымақтастыққа отыру тек инвестициялардың салынуы ғана емес, біздегі өндірістерді ұдайы жетілуге ынталандыратын технологиялар трансферті деген сөз».
«Жасалған шолуға сәйкес, 2005-2015 жылдар ішінде Испанияның Қазақстанға құйған тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 183,5 млн. АҚШ долларына тең болса, Қазақстан Республикасынан Испанияға 14,4 млн. АҚШ долларына тең сома салынған. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млрд. 439 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 47,5%-ға кем. Испаниядан Қазақстанға жасалған импорт 219,9 млн. АҚШ доллары болса, экспорт 1,2 млрд. АҚШ долларына тең болған. Айта кететін бір жайт, Қазақстаннан Испанияға жөнелтілген экспорт құрылымындағы 88,9%-ы мұнай болса, Испаниядан келген импорттың 16,3%-ы электр машиналары мен жабдықтар (қозғалтқыштар мен генераторлар), 9,2%-ы фармацевтикалық өнімдер болса, 4,4%-ы теміржол қозғалмалы құрамдарының бөліктері», – деді «Атамекен» Палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
Испан бизнес-делегациясының құрамында инвестициялар, технологиялар трансферті мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясындағы ынтымақтастық, сондай-ақ құрылыс, энергияның қалпына келетін көздеріне, көлік, инфрақұрылымдық нысандар, телекоммуникациялар, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларға қызығушылық танытқан 20-дан астам компания келді. Бизнес алаңға IBEX 35 испан қор биржасындағы 35 ірі испандық компаниялар тізіміне енетін Técnicas Reunidas S.A., INDRA, ACS, Airbus секілді компаниялар да келгенін айта кету керек.
Қазақстандық тараптан ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, авиация мен әскери технологиялар, сонымен бірге көлік салаларына маманданған 90 компания қатысты. В2В форматында өткен екіжақты сессиялар барысында Қазақстан мен Испания кәсіпкерлері өз жобаларымен таныстырып, ынтымақтастық перспективаларына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, сонымен бірге сауда-экономикалық серіктестікті дамыту ниеттерін білдірді.
Испания Сауда палатасының халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Альфредо Бонет Қазақстанмен экономикалық байланыстың маңыздылығына тоқталды. «Бүгінгі күні көптеген испандық компаниялар Қазақстанда жұмыс жасаған немесе жасауда, олардың қатарында " Тальго "," Repsol "Максам", "Индра", "Airbus Military", "Teltronic" "Imabe Iberica", "MYPE", "Inditex", "Eptisa", "TYPSA", "Grupo AGEM", "OHL", "INECO", "IDOM" or "Globaltec" компаниялары бар. Олардың көбі бүгін осында отыр. Бұл компаниялардың қатысуы олар қазақстандық экономиканың болашағына сенімді екенін және оның таяу жылдардағы өсуі мен тұрақты дамуы үшін үлес қосуға ниетті екенін айғақтайды», – деп түйіндеді Бонет мырза.
Форум нәтижелері бойынша В2В форматында екіжақты кездесулер өтті, онда тараптар ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды. Мәселен, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытқан машина жасау, әскери-техникалық және экспортты ілгерілету бойынша қызмет көрсету салаларындағы испандық компаниялармен тікелей байланыстар орнатты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: