«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Акмолалық «клондайк»: шара қолданатын уақыт жетті

2016 жылғы 22 Сәуір
- Ақмола облысы
8634 просмотров

Заңнамадағы олқылықтар салдарынан заңсыз алтын іздеушілер жазаға тартылмай отыр

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолданыстағы заңнамаға заңсыз алтын айналымымен және өндірісімен күресуге бағытталған өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар айтпақ. Жекелей алғанда,  «Kazakhaltyn» тау-металлургиялық концерні қауіпті өндірістік нысанға кіргені және асыл металдардың заңсыз айналымын іске асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отыр.

Қазақстанның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетовтің қатысуымен өткен ҰКП және өңірлік палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестері отырысында елдегі ірі алтын өндірушінің шағымы басты назарда болды. Кәсіпорын ұзақ уақыт бойы алтын іздеушілердің заңсыз қызметімен және Степногорск ауданындағы алтын кен орнының заңсыз айналымымен күресіп келген.

2015 жылдың қаңтар айында жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енген және ӘҚКо-не жер қойнауларын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартуды қарастыратын толықтырулар енгені (ҚК 334-б., ӘҚКо 139-б.) белгілі. Жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны, оның ішінде пайдалы қазбаларды өз бетінше шығарғаны үшін жауапкершілікке тарту алғаш рет қарастырылып отыр. Бұған дейін айыптылар тек әкімшілік жауапкершілікке тартылатын.

Алайда заңсыз алтын іздеушілер жаңа заңды елемей отырғандықтан жағдай әрі сол күрделі қалпында қалып отыр.

«Жер-жерлерде жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар деректері орын алуда. Мемлекеттің материалды мүддесіне ғана емес, сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушылар мен өңір экожүйесіне де айтарлықтай зиян тиіп отыр. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің 2015 жылғы статистикалық деректері бойынша ҚК 334-бабы бойынша (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) СТБР-де 214 қылмыстық құқықбұзушылық дерегі тіркеліп, оның 6-уы сотқа берілген. Сонымен бірге, алтын өндіру кәсіпорнының арыздары бойынша 102 қылмыстық құқықбұзушылық орын алған, оның тек 2-уі (!) ғана сотқа жіберілген. Олардың өзі кейін ақталып шыққан», – деп мәлімдеді ҰКП құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко.

Әкімшілік жауапкершілікке қатысты жағдайлар да осыған ұқсас болып отыр. Ақмола облысы экология департаменті алтын өндірушінің арызы бойынша 2015 жылы 222 хаттама толтырғанымен, олардың көп бөлігін сот жауып қойған. Заңсыз өндіру кезінде немесе тікелей одан кейін ұсталған заңсыз алтын іздеушілер іс-әрекеттері сотта аяқталмаған құқықбұзушылық құрамдары ретінде түсіндірілген (!).

«Тек соңғы үш жыл ішінде заңсыз алтын іздеушілер әрекеттерінің салдарынан кәсіпорын тартқан шығын мөлшері 9,2 млрд. теңге болса, бюджет шығыны 2 млрд.-қа жеткен. Концерн қажетті, оның ішінде күзет шараларын жүзеге асыруда, алайда заңнамалық деңгейде өзгерістер қажет», - деді ««Kazakhaltyn»         ТМК» АҚ бас директорының кеңесшісі Марат Қойшыбаев. Алтынды шикізатты қайта өңдеу және сатып алу нүктелерінің тым көптігі және олардың қызметінің регламенттелмейтіні жағдайды одан ары ушықтырып отыр.

Заңнамаға маңызды өзгерістер енгізу қажеттілігімен облыс прокуратурасы да келісетінін айтып отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер