Қай салаға көбірек ақша салынған?
2016 жылдың 1-маусымындағы негізгі қаражатқа құйылған инвестициялар 1 157 млрд. теңгеге тең болған, былтырғы жылдың 1-маусымымен салыстырғанда 15,7%-ға өсу байқалған (1-сур.).
Негізгі инвестициялар дәстүрлі түрде тау-кен өнеркәсібіне (534 млрд. теңге), жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар (534 млрд. теңге) және өңдеу өнеркәсібіне (143,7 млрд. теңге) тиесілі болған (2-сур.). «Көтерме және жекелей сауда» секілді қызмет түрлеріне салынған салымдардың үлесі 1,4%-дан 2,2%-ға дейін, «тау-кен өнеркәсібі» 40,8%-дан 46,1%-ға дейін айтарлықтай арта түскен.
2016 жылдың 1-маусымында негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында жеке қаражат түріндегі қаржыландыру көзі басым болып тұр. Олардың үлесі жалпы көлемнің 65.1%-ы болып тұр. Сонымен бірге бюджеттік инвестициялар үлесінің 8,3%-дан 5,4%-ге дейін азаюы байқалған (3-сур.).
Өңірлік деңгейде инвестициялық салымның жартысынан көбі Атырау (34,6%) және Маңғыстау (8,1%) секілді мұнайлы өңірлерге, сонымен бірге Алматы (7,4%) мен Астана (7,0%) қалаларына тиесілі.
2016 жылдың 1-маусымында 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда инвестициялардың анағұрлым қарқындырақ өсуі Атырау мен Батыс-Қазақстан облыстарында орын алған (4-сур.).
Дереккөз: ҚР ҰЭМ стастика жөніндегі комитет деректері негізінде
Пікір қалдыру:
Пікірлер: