«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР Сарапшылық ұйымдары палатасын Михаил Косачев басқарады

2016 жылғы 20 Сәуір
10919 просмотров

Сарапшылық ұйымдар палатасының екі айлық жұмысы барысында  500 жобалық-сметалық құжаттамалар келіп түсті, оның ішінде 34 жобаға тиісті түйіндемелер берілді

Аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың «Сарапшылық ұйымдар палатасы» (СҰП) кәсіптік бірлестігі құрылыс объектілерін жобалау саласында сарапшылық қызметті одан әрі дамыту және шоғырландыру мақсатымен биылғы жылдың ақпан айында құрылған болатын.

18 сәуірде «Атамекен» алаңында Сарапшылық ұйымдар палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы болды, жиналыс шеңберінде Палата басқармасының құрамын өзгерту туралы шешім қабылданды. Юлия Якупбаева Сарапшылық ұйымдар палатасының төрайымы ретінде өзінің өкілеттіктерін өткізіп беретінін мәлімдеді және Палата төрағасының лауазымына Михаил Косачевтің кандидатурасын ұсынды. Оның айтуынша, М.Косачев өз ісінің кәсіби шебері. «Михаил Борисовичтің сарапшылық қызмет саласында үлкен тәжірибесі бар, оның ерекшелігімен жақсы таныс, ол кезінде ҚР ҰЭМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің төрағасы міндетін атқарған», – деді Ұлттық палата басқармасы төрағасының орынбасары Косачевті СҰП мүшелеріне таныстыра келе.

Сондай-ақ, Сарапшылық ұйымдар палатасы басқармасының құрамынан Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының директоры лауазымын атқарған Аслан Түкиев те шықты, енді ол Заңнама институтының директоры болып тағайындалды. «Аслан Түкиев – өз ісінің маманы, оның қатысуынсыз Сарапшылық ұйымдар палатасы құрылмас еді», – деді Юлия Якупбаева.

Палата өз қызметін биылғы жылдың ақпан айынан бастағаны белгілі. Бүгінгі күнге дейін ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің аккредитациясынан 46 сарапшылық ұйым өтіп, куәлік алды, олардың 40-ы –  Палата мүшелері.

Өткен екі айдың есебі аясында СҰП құрылған сәттен бері көп жұмыс атқарылыпты. Юлия Якупбаеваның айтуынша, Сарапшылық ұйымдар палатасы ҰКП-мен және ҰЭМ Құрылыс істері комитетімен бірлесіп, бірыңғай портал жұмысы жөніндегі мәселелерді реттеді, мұның өзі сарапшылық ұйымдардың өз қызметін іркіліссіз атқаруын қамтамасыз етті. Бүгінгі күннің өзінде бірыңғай порталдың көмегімен 500 жобалық-сметалық құжаттама келіп түскен, оның ішінде 34 жобаға тиісті түйіндемелер берілген. Сонымен бірге бірлесіп күш салудың нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сараптама жасауға жататын объектілердің тізілімін едәуір кеңейтуге қатысты өзгертулер енгізілді, кеңсе жарақтандырылды және saraptama.kz веб-сайты іске қосылды.

Қазіргі уақытта Құрылыс істері комитеті ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық күрделі объектілер қатарына жатқызудың жалпы тәртібін анықтау Ережелеріне түзетулер енгізуге мұрындық болып отыр, бұл жеке сараптаманың қолына құрылыс аумағында сейсмикалық және өзге де ерекше геологиялық жағдайлардың болу-болмауына қарамастан 10 қабатқа дейінгі тұрғын үй және көпфункционалды ғимараттарды, 800 адамға дейінгі сауда-ойын сауық кешендерін, жерүсті қабаттары 5-тен аспайтын, жерасты қабаттары 2-ден аспайтын биіктіктегі жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтарын беруге мүмкіндік берді», – деп баяндады Палата мүшелеріне Юлия Якупбаева. Осы тұрғыда ол осы екі ауқымды әрі маңызды шешім Палата жұмыс істегелі бергі аса қысқа мерзім ішінде қабылданғанын атап айтты.

Ұлттық палата СҰП-қа  аяғынан нық тұруына көмектесті. «Енді Сіздер өз беттеріңізбен жұмыс істейтін боласыздар. Сарапшылық ұйымдар палатасының алдында сарапшылық қызметтер нарығын одан әрі дамыту және оны заңнамалық бастамалар жасау жолымен де, проблемалық мәселелерді реттеу жолымен де үнемі жетілдіру бойынша маңызды стратегиялық міндеттер тұр», – деп түйіндеді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.  

Ол Сарапшылық ұйымдар палатасын дамыту сарапшылық қызметтің мүддесіне жұмыс істейтін адамдардың арқасында іске асатынын атап айтты.

«Ұлттық экономика министрлігіне, сонымен қатар салалық ірі бизнес-қауымдастықтарға (құрылысшылар, жобалаушылар, жұртшылықпен байланыс) олардың Сарапшылық ұйымдар палатасының құрылуына қосқан үлестері үшін алғыс айтқым келеді», – деді Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер